Пермьдегі оқ-дәрі зауытындағы өрт салдарынан үш адам қаза тапты
ПЕРМЬ. 23 қазан. Бүгін Ресейдің Пермь қаласындағы оқ-дәрі зауытында орын алған өртте үш адамның ажал құшқаны белгілі болды. Бұл туралы «Новая газета – Европа» хабарлады.
Пермь оқ-дәрі зауыты Ресейдің қорғаныс кешеніндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Онда ракеталардың снарядтары мен двигательдері шығарылады. Соның ішінде дүркін-дүркін атылатын «Град» және «Смерч» реактивті жүйесінің зарядтары да бар.
Осының алдында ТАСС зауытта өрт болып жатқаны жайлы баяндаған еді.
Properm.ru басылымы оттың «Пластмассы» өндірістік баспанасынан басталғанын жазды. Кейін өрт сөндірілгені хабарланды.
Жергілікті пабликтер үйіндінің астында төрт адам қалғанын атап өтті. ТАСС бір адамның ауруханаға жатқызылғанын жеткізді. Жараланғандар жөнінде әзірге дерек жоқ.
Өрттің неден тұтанғаны жайында да мәлімет берілмей тұр. Оның қолдан ұйымдастырылған болуы да ықтимал.