Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина әскерлері тәулікте 320 басқыншыны жер жастандырды

КИЕВ. 17 қазан. Украина Қарулы күштері кеше 320-ға жуық ресейлік басқыншыны өлтіріп, көптеген қару-жарақтың күлін көкке ұшырды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Бас штабтың мәліметінше, осы күні оккупанттардың 8 танкісі, 10 артиллериялық жүйесі, 1 ПВО-сы және 17 оперативті-тактикалық деңгейдегі пилотсыз ұшатын аппараты жойылған.

Жау Бахмут және Авдеев бағытында көбірек шығынға ұшыраған.

Соғыс басталғалы бері РФ армиясы 65 320 адамынан айырылған.

Жексенбі күні Ресей әскерлері украин позициясын бірнеше майданда атқылаған. Олардың мақсаты бұрынғысынша Харьков, Донецк және Херсон облыстарындағы қалалар мен олардың бейбіт тұрғындары болып отыр.

«Қазір кескілескен шайқасты Донбастағы екі қала – Соледар мен Бахмут төңірегінде жүріп жатыр, – деп мәлімдеді жексенбі күні Украина президенті Володимир Зеленский өзінің бейнеүндеуінде. – Бұлар – Донбастың түйінді нүктелері. Олардағы ұрыстар ауыр жағдайда өтуде».

Осы уақыт аралығында украин авиациясы ресейліктер позицияларына 20-дан астам соққы беріп, 17 жердегі әскерлердің быт-шытын шығарды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button