Украина әскерлері өткен тәулікте 320 оккупанттың көзін жойды
КИЕВ. 3 қазан. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте 320 басқыншыны жер жастандырып, жаудың бір-бір ұшағы мен тікұшағын құртты. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Украина қорғаушылары 2 қазанда бойына майданда кемінде 320 РФ оккупантының көзін жойды. Тұстастай алғанда, біздің әскерлеріміз Путин армиясының 60 430 адамын «екі жүзінші жүкке» айналдырып, «демилитаризация» жасап жіберді», – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, соғыстың бүгінгі 222-ші күніне дейін украин әскерлері дұшпанның мыңдаған бірліктен құралатын бронды, автомобиль, авиация және қару-жарақ техникаларын «демилитаризацияға» ұшыратты.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы сондай-ақ ресейлік оккупанттардың Крамоторск және Бахмут бағыттарында мейлінше көп шығынға тап болғанын атап өтіп отыр.
Осылайша кеше украин сарбаздары Ресей армиясының 16 бронды машинасын (барлығы 4991), 15 автомобиль бірлігі мен автоцистерналарын (3811), үш танкісін (2380) және бр РСЗО-сын (338) талқандап тастады.
Кешке кешке Украина Қарулы күштері Лиманды азат еткеннен кейін Донецк облысындағы Торское селосын босатты.
Херсон және Запорожье бағытында да қарқынды ұрыс қимылдары жүріп жатыр. Бұл жақта жа украиндар жауды тықсырып келеді. Мұнда тағы бір қоршаудың орын алып қалуы мүмкін.