Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ядролық шабуыл бумерангы: жауап соққы РФ-ны жойып жібереді

БРЮССЕЛЬ. 29 қыркүйек. Ресей Украинаға ядролық шабуыл жасайтын болса, оның қайтарма соққысы РФ-ға өте ауыр зардаптар әкелетін болады. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

«Жасырын мәнбелерден жеткен ақпарларға қарағанда, Ресей Украинаға ядролық соққы жасаған жағдайда, НАТО оған тап солайша ядролық қарумен жауап қайтара қоймайды. Бұл адамгершілік ниеттерінен туындап отыр. Солай бола тұра, Мәскеуде оның орталығы бір түннің ішінде «Томагавк» қанатты ракеталарымен толық жойылып жіберілетін болады», – делінген хабарламада.

Хабарламада осылайша мына нысандарға дәл соққылар берілетіні атап көрсетілген:

– РФ Қорғаныс министрлігі,

– ФСБ-ның Лубянкадағы штаб-пәтері,

– Бас барлау басқармасының штаб-пәтері,

– РФ Үкімет үйі (ақ үй),

– РФ президенті әкімшілігінің бас корпусы,

– РФ Мемлекеттік думасының ғимараты,

– РФ Федерциялар Кеңесінің ғимараты,

– Стратегиялық әскерлер командалық пункті (бункер),

– «Останкино» телемұнарасы мен телеорталығы.

Бұдан басқа, дендері сау адамдар мен тірі жәндіктер түрлерін жойып жібермей-ақ қатты әсер ететін тағы бір электромагнитті бомба деген сұмдық қару бар. Ол – қазіргі таңда планетадағы ең құпия қуатты қарулардың бірі. Егер ол қанатты зымырандармен Мәскеуге жеткізілер болса, қаладағы барлық чиптер заматында істен шығып, жарамсыз болып қалады. Мұның өзі алып шаһар сол бойда қараңғылық құшағында бөгіп, барлық байланыс және қозғалыс құралдарынан айырылады деген сөз. Барлық көлік («Волга», «Москвич», «Жигулиден» басқа) тоқтайды, барлық электр станциясы, барлық байланыс (мобилді де, стационарлы да) түрлері қайтып қалпына келмейтіндей болып біржола істен шығады. Тек запас генераторлары чиптермен жұмыс істейтін ауруханалардағы, сондай-ақ үйдегі медициналық жабдықтарға тәуелді сырқат адамдар ғана қаза табады. Жылыту және сумен қамтамасыз ету насостары жұмыс істемейді. Қала бар-жоғы 3-4 күннің ішінде тіршіліксіз қалып, толық күйрейді. Тіпті соғысуға болатын адам да қалмайды, Ресейдің барлық билігі «жалаңаш король» болып шыға келеді. Мұндай қару ядролық қарудан анағұрлым қатерлі. Мұндай қару Ресейде жоқ, ол тек НАТО-да ғана бар. Путин кіммен қауіпті ойын ойнауға болмайтынын білмей, қатты қателесті. Бұл оған марсиандар сияқты болып соққы береді. Сондықтан Воваға Гербер Уэллстің «Ғаламдар соғысы» деген фантастикалық романын оқуға кеңес береміз. Осындан кейін Мәскеудің алдында не жеңімпазы анықталмайтын үшінші дүниежүзілік ядролық соғысты бастау, не НАТО-ның кепілдік беруімен капитуляция және демилитаризация жасау жөніндегі актіге қол қою деген екі жолдың бірін таңдау мәселесі қойылады. Барлық қылмыскерлердің қорқақ болатыны жөніндегі психологиялық факторға ден қойсақ, Мәскеу НАТО-мен ядролық жанжалға бара қоймайды деген ойдамыз. Енді бірнеше аптадан кейін барлық өңірлердің халқы билікке қарсы бас көтеріп, соңынан бүгінгі Ресей жайлы тек естеліктер ғана қалатын болады.

Тамаша актер және ақын Леонид Филатов мына жолдарды жазғанда сөзсіз шындықты шырқыратып айтып еді:

«Жалғанда жоқ жаман зат нақұрыстан,

Билікке келіп қалған қапылыста».

 

Түпнұсқа:

Бумеранг ядерного удара: что в ответ уничтожат в РФ в случае применения ЯО

Из конфиденциальных источников сообщают и можно сделать предположение, что в случае применения Россией ЯО в Украине НАТО не пойдет на такой же ответ с использованием ЯО. Это будет продиктовано гуманитарными соображениями. Тем не менее, в течении одной ночи в Москве будут полностью уничтожены крылатыми ракетами «Томагавк» центры принятия решений:

– Министерство обороны РФ,

– Штаб-квартира ФСБ на Лубянке,

– Штаб-квартира ГРУ,

– Дом Правительства РФ (белый дом),

– Главный корпус администрации президента РФ,

– здание Государственной Думы РФ,

– здание Совета Федераций РФ,

– Командный пункт стратегических войск (бункер),

– Телебашня и ТЦ Останкино,

– резиденция президента РФ в Ново – Огарёво

Более того, есть еще одно и не менее страшное оружие по силе воздействия на людскую популяцию без уничтожения здоровых людей и всего живого – электромагнитная бомба. Сегодня это самое засекреченное оружие на планете. Если его доставить крылатой ракетой в Москву, то выйдут из строя все чипы. Это значит, что город погрузится мгновенно во мрак без связи и движения. Весь транспорт встанет (кроме Волг, Москвичей и Жигулей 70-х годов), все электростанции, вся связь, как мобильная, так и стационарная, отключатся без шансов восстановиться. Погибнут только люди в больницах, где запасные генераторы тоже работают на чипах, а также те, кто критически зависит от медоборудования дома. Встанут все насосы отопления и водоснабжения. Город просто умрет через 3-4 дня. Если зимой, то раньше. Даже воевать будет не с кем и вся власть России окажется голым королем. Это оружие намного ужаснее, чем ядерное. Такого оружия нет у России, но оно есть у НАТО. Путин не с теми затеял опасную игру – кто кого. Ему б еще с марсианами повоевать. Посоветуем Вове прочитать фантастический роман Герберта Уэллса «Война миров».

После этого у Москвы будет выбор – либо начинать 3-ю мировую ядерную войну без победителя либо подписать Акт о капитуляции и демилитаризации с гарантией НАТО о прекращении военных действий против России. Учитывая тот существенный психологический фактор, что все преступники трусы, Москва не пойдет на ядерный конфликт с НАТО. Через несколько недель регионы взбунтуются и от России останутся одни воспоминания. Замечательный актер и поэт Леонид Филатов был несказанно прав:

«На свете нет ужаснее напасти,

Чем идиот, дорвавшийся до власти».

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button