Ресей әскерге алынғандарды дайындықсыз майданға жөнелтіп жатыр
МӘСКЕУ. 26 қыркүйек. Ресей билігі 21 қыркүйектен бастап мобилизациямен әскерге алынғандарды ешбір дайындықсыз соғысқа аттандыра бастады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Осылайша РФ президенті Владимир Путиннің мобилизация жариялау жайында жасаған үндеуінде айтқан әскерге алынғандардың арнайы дайындықтан өтіп барып, соғысқа салынатыны хақындағы уәдесі бірден жайына қалды, ол жай жалған сөз болды да шықты.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы хабарлағандай, Ресей әскерге соңғы 4-5 күнде алынғандарды майдан шебіндегі бөлімшелерді толықтыруға жіберуге кірісіп кетті.
«Бұл жау әскерилерінің моральдық-психологиялық ахуалы мен өздерінің міндеттерін орындау сапасының күрт төмендеп кетуіне апарып соқтырады», – делінген хабарламада.
Бас штабтағылар сондай-ақ РФ әскери коимиссариатының 22 қыркүйектен бері тәуліктік режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Әскерге алынғандар қатарында жасы 59-ға келген адамдар да бар. Сосын «ішінара»» деген де жалған болып шықты. Ол тек Мәскеу мен Петербург үшін ғана қолданылатын ерекшелік болса керек. Басқа аймақтардың бәрінде толық сипатта мобилизация жүріп жатыр.
Мұнда сонымен бірге Ресей командованиесінің салммақты аз ұлттарға салып отырғаны да байқалады. Әскерге шақырылушылар қатарында бурят, саха, татар, башқұрт, қазақ, қалмақ ұлттары және дағыстандықтар көп.
Осыған байланысты Ресейдің барлық дерлік аймақтарын наразылық қозғалысы күн сайын болып жатыр. Кеше Махачкалада полицейлер мен наразылық біддірушілнер арасында қақтығыс орын алды.