Ресейде бүгін түнде мобилизацияға қарсы жаппай шеру өткелі жатыр
МӘСКЕУ. 21 қыркүйек. Бүгін түнде Ресейдің көптеген ірі қалаларында елдегі ішінара мобилизацияға қарсы жұрттың жаппай наразылық қозғалысы өтеді деп күтілуде. Бұл туралы «Медуза» хабарлады.
Бүгін, 21 қыркүйек күні таңертең Ресей президенті Владимир Путин елде «ішінара мобилизация» басталғанын хабарлаған болатын. Ол осыған байланысты жарлыққа қол қойғанын да тәкпір етті. Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, әскерге шақыру 300 мың резервшілерді, соның ішінде бұрын әскери қызметтен өткен, әскери-есептік мамандықтары немесе жауынгерлік тәжірибелері бар адамдарды қамтитынын айтты.
Алайда, осы хабар тараған бойда кейбір жерлерде күндіз-ақ қарсылық шерулері басталып кетті.
Ресей прокуратурасы осыған байланысты қарсылық қозғалысына қатысушылар мен оған шақырушылардың заң жүзінде жауапқа тартылатындарын айтып, ескерту жасады.
Соған қарамастан, бүгін Ресейдің көптеген қалаларында Путиннің таңертең жариялаған ішінара мобилизациясына қарсылық акциясы өткелі жатыр.
«Весна» қозғалысының белсенділері ресейліктерді барлық қалаларда сағат 19:00-де шеруге шығуға шақырды. Олардың ұраны «Нет могилизации!» болып отыр.