Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Си Цзиньпин Қытай армиясына соғысқа дайындалуды тапсырды

БЕЙЖІҢ. 21 қыркүйек. ҚХР басшысы Си Цзиньпин Қытай әскерилерін соғыс әрекеттеріне дайын болуға шақырды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Ол сәрсенбі күні Бейжіңде өткен ұлттық қорғаныс және әскери реформа жөніндегі конференцияда осындай үндеу жариялады.

«Табысты реформалар тәжірибелерін жинақтау және оларды қолдану, жаңа жағдайды игеру мен міндеттерді түсіну, соғысқа дайындықты шоғырландыру, сондай-ақ жаңалықтарды зерттеу мен енгізуде батылдық қажет», – деді Си жолдас.

Конференцияға Қытай Орталық әскери кеңесінің, Халық қарулы милициясы мен ҚХР әскери академиясының жоғары лауазымды өкілдері қатысты.

Бұған дейін Си Цзиньпин армияны 2027 жылы Тайваньға қарсы соғысуға дайындауды тапсырған болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button