Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

РФ БАҚ-тары Путиннің мобилизациядан кейін жасайтын әрекетін атады

МӘСКЕУ. 21 қыркүйек. РФ бұқаралық ақпарат құралдары Владимир Путиннің мобилизация жариялағаннан кейін баратын келесі қадамы жайында жазып жатыр. Бұл туралы «Генерал СВР» телеграм-каналы хабарлады.

Ресей президенті бүгін, 21 қыркүйек күні таңертең елде ішінара мобилизация жариялағанын хабардар етті. Бірақ сарапшылар оның толық мобилизациядан айырмашылығы шамалы екенін айтып отыр. Олардың ойларынша, Кремль енді көп ұзамай РФ-ның Украинамен шекарадағы субъектілерінде кейін бүкіл елді қамтитын «соғыс жағдайын» жариялайды.

Паблик елде мобилизация жариялаудың қайтпас қайсар бастамашысы президентті осындай қадамға итермеледі-міс делінетін «соғыс партиясы» емес, Путиннің өзі екенін атап көрсетті. Ресурстың мәліметі бойынша, Ресей лидері Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласып кету қаупін туғызып отырған соғыстың негізгі дем беруші драйвері болып табылады.

«Генерал СВР» телеграм-каналы: «Өлім халіндегі кесел Путин молаға өзімен бірге миллиондаған адамды алып кетуге қатты ынталы болып отыр, оның бұл тілегінің орындалар не орындалмасы енді сіздер мен біздерге байланысты.

Енді жаңа территорияларды қосып алу мен мобилизация туралы хабарландырулардың зардаптарына келейік. АҚШ пен оның антипутиндік одақтас елдері Ресей президенті Украина территориясының бір бөлігін Ресейге қосып алуға әрекеттенген жағдайда қарсы жауап берілетінін ескертті», – деп жазды.

Паблик Батыстың қарсы жауап шаралары арасында Украина Қарулы күштеріне Ресей территориясын атқылай алатын қаруларды пайдалануға рұқсат ету де бар екенін атап өтті. Осыған орай Украинаға қашықтығы 300 шақырымнан асатын нысаналарға дәл тиетін жаңа қаруларды жеткізіліп беріледі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button