Шольц Ресей ұсынатын бейбітшілікті қабылдамайтындарын айтты
БЕРЛИН. 21 қыркүйек. Германия канцлері Олаф Шольц БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Украинадағы соғыстың нақты аяқталғаны керек болса, Кремльдің шартын қабылдауға болмайтынын атап өтті. Бұл туралы немістің Spiegel журналы жазды.
Басылым канцлердің сөзіне жан-жақты талдау жасай келіп, әлемдегі тәртіпті қалпына келтіру барысында «күштінің арты диірмен тартадының» қағидатына ұрынбау керек екенін, олай болған жағдайда басқа мемлекеттердің бейтарап қала алмайтынын алға тартты.
Шольц РФ-ның Украинадағы басқыншылық соғысы тақырыбына келгенде, іс жүзінде Франция президенті Эммануил Макронның сөзін сол қалпында қайталап, Путиннің әрекеттерін «шектен шыққан империализм» деп атады. Ол РФ-ның Украина жерінде өткізбекші болып жүрген псевдореферендумдарын Ресей агрессиясын одан әрі ушықтыра түсуге жаңа дүмпу беретінін, себебі, бұдан кейін Кремль Украинаның қарсы шабуылдарының бәрін «өзіне шабуыл жасау» деп бағалағалы тұрғанын ескертті.
«Егер біз Путиннің соғысы аяқталғанын қаласақ, оның қалай аяқталғанына немқұрайлы қарамауымыз керек. Сондықтан біз Ресейдің тықпалаған бейбітшілігін қабылдай алмаймыз, оның қандайда бір псевдореферендумын мойындамаймыз. Сол себепті Украина Ресейдің басқыншылығынан қорғануға қабілетті болуы тиіс», – деді Олаф Шольц.
Канцлер Ресейдің фейк референдумдарына қалай жауап беру керек екенін айтпады. Ол сондай-ақ халықаралық тәртіп ережелерін нақты жағдайға қарай бейімделіп отыруға, БҰҰ институттарына реформа жасауға шақырды.