Ресей Харьковтың түбінде 100 күнде 100 танкісінен айырылды
МӘСКЕУ. 17 қыркүйек. Украина әскерлерінің Харьков облысындағы қарсы шабуылы Ресейдің элиталы танк бөлімдері үшін орасан зор апат әкелді. Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.
Қыркүйектің 6-сынан 10-на дейінгі кезеңде Изюм түбіне орналасқан 4-ші гвардиялық танк армиясы өзінің барлық техникасының шамамен жартысынан, яғни 100-ге жуық танкісінен айырылып қалды, деп хабарлады Oryx блогы.
Осыған қатысқан Ю. Андропов атындағы Ленин орденді, Қызыл тулы 4-ші Кантемир гвардиялық танк дивизиясы 1-ші Қызыл тулы гвардиялық танк армиясының құрамына кіреді. Бұл Ресейдің «НАТО-мен соғыс бола қалған жағдайда Мәскеуді қорғауға қойылатын ең алдыңғы қатарлы армияларының» бірі еді.
Украина қарсы шабуылы барысында РФ-ның 1-ші танк армиясы орасан зор шығынға ұшырады. Ресейдің НАТО-мен соғыс үшін дайындалған ендігі қарулы күштері мынаған қарағанда өте-мөте әлсіз. Ал аталмыш армияға қатарын қайта толықтырып алу үшін бірнеше жыл керек болады.
Осы соғыста 1-ші танк армиясы Киевті басып алу жолындағы ұрыстарға қатысты, бірақ бір айдан кейін ол жақтан кетуге мәжбүр болды. Одан бөлініп шығарылған бөлімшелер, атап айтқанда, 4-ші танк дивизиясы Харьков облысына дислокация жасалды.
Дивизия екі полктан құралды, олардың әрбірінің құрамында Т-80У модификациялы 93 танктен болды, деп хабарлады соғыстың басынан қатардан шығып қалған әскери техникалардың есебін алумен айналысып келе жатқан Oryx блогы.
4-ші танк дивизиясына соққыны Т-72 және Т-64 танкілерінің барынша бұрынырақтағы версияларымен жабдықталған украинның 4-ші танк бригадасы берді, деп жазды Forbes.
Қолға түскен танкілердің айтарлықтай көп бөлігі зақымданбаған. Демек, Украина оларды бұдан кейінгі ұрыс қимылдарында пайдалана алады.
«Қазір Украина армиясындағы танктер саны осы шабуыл басталған кездегіден көп, себебі, оның Ресейден олжалап алған техникалары жоғалтып алғандарынан әлдеқайда көп», – деп атап өтті Forbes-тың соғыс техникасы тақырыбында жазатын журналисі.
Украина билігі мен Соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметі бойынша, бір аптаның ішінде 9000 шаршы шақырымға жуық аумақ Ресей оккупанттарынан босатылған. Ал Ресей армиясы бес айда Донбаста бар-жоғы 5200 шаршы шақырым жерді ғана басып ала алды.
Ресей армиясы Харьков түбінде күйрей жеңілгеннен кейін Нижний Тагильдегі «Уралвагонзаводтың» танк шығаратын құрастыру цехы тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті.