Украина Қарулы күштері тәулікте 170 жауды жаһаннамға жіберді
КИЕВ. 26 шілде. Украина әскерлері өткен тәулікте тағы 170 ресейлік басқышыны – жаһаннамға, яғни тозаққа аттандырды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Украина Қарулы күштерінің штабы Facebook-те осы жайында жаза келіп, Ресей оккупанттарының украин жерінде осы уақытқа дейін «Кобзонның жанына жіберілген» солдаттары саны 39 870-ке жеткенін атап көрсетті.
Ал Ұлыбритания барлау қызметі бұдан бірнеше күн бұрын украин қорғаушыларының оғынан жер жастанған басқыншылар санының 55 мыңға барып қалғанын мәлімдеген болатын.
Бас штабтың мәліметі бойынша, 24 ақпаннан 26 шілдеге дейінгі аралықта жаудың мұншама қару-жарақтары мен техникалары жойылды:
танктер ‒ 1737 бірлік (соңғы тәуліктерде +7);
жауынгерлік бронды машиналар – 3959 (+9);
артиллериялық жүйелер – 880 (+4);
РСЗО – 258 (+1);
ПВО қарулары – 117 (+1);
ұшақтар – 222 (+0);
тікұшақтар – 189 (+1) бірлік;
БпЛА жедел-тактикалық деңгейі – 722 (+3);
қанатты зымырандар – 174 (+0);
автомобильле мен автоцистерналар – 2835 (+3).
Жау сондай-ақ аталған мерзімде 75 (+2) арнайы техникалар бірлігінен айырылды.
Дұшпан шығынның басым бөлігіне Бахмут бағытында ұшырады.