Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Ресейлік әртістер Пугачёва мен Галкин АҚШ-қа біржола көшкелі жатыр (видео)

МӘСКЕУ. 23 шілде. Ресейдің атақты әншісі Алла Пугачёва мен танымал әзілкеші Максим Галкин тұрақты тұру үшін АҚШ-қа біржола кететін болып шешті. Бұл туралы Ura.ru хабарлады.

Мұндай ақпарды бұдан екі күн алдын Ресей Мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Роман Худяков таратты.

«Ресейлік шоумен, әзілкеш Максим Галкин пен оның жұбайы, әнші Алла Пугачёва бұдан былай тұратын тұрғылықты жерлерін анықтап алды. Олар енді АҚШ-ты мекен ететін болады, Галкиндер отбасы қазір Ресейдегі жылжымайтын мүліктерін қайта тіркеумен және сатумен шұғылданып жатыр», – делінген хабарламада.

«Ресей мен Ресей көрермендерінің сатқыны Максим Галкин тұратын жерін анықтады. Бұған ешкімнің күмәні болған жоқ. Ол АҚШ-ты таңдады. Шамасы, біздің даңқты әншіміз де [Алла Пугачёва] «күйеуі» Галкинге енді Ресейде тұру мүмкін емес екенін сезініп, сонда баратын сияқты. Галкиндердің отбасы қазір жылжымайтын дүние-мүліктерін қайта тіркеу мен сатуға шұғыл кірісіп кеткен. Соның ішінде замокты да сатады», – деп жазды Худяков өзінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, Галкиндер отбасы қыстың соңына дейін «АҚШ-та жылжымайтын мүлік сатып алуға үміт артып отыр». Ол әзілкештің келер жылдың наурыз айында өзінің «америкалық көрермендеріне» бірінші концертін беруді жоспарлап қойғанын да сөз етті.

Максим Галкин мен Алла Пугачёва биылғы 24 ақпанда Ресей армиясы Украина жеріне тұтқиылдан басып кіргеннен кейін оған наразылық ретінде елден ең алдымен кетіп қалған әртістер қауымы қатарынан табылды. Олар балалары Лиза мен Гарриді алып, алдымен Жерорта теңізі жағалауында бір жарым айдай уақыт демалды. Сол кезде Израильдің курортты қалаларының бірінде тұрды. Содан кейін Латвияның астанасы – Рига қаласына келіп аялдады.

Максим Галкин Израильде өзінің бір концертін беріп те үлгерді (төменде).

Ал Ресей оны отанның жауы деп қабылдады. Ол елге келсе, бірден қамауға алынар еді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button