Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Балқаш дәрігерлері «ақша үшін» пациентті өлтірмек болған

ҚАРАҒАНДЫ. 17 шілде. Балқаш қаласының бір топ дәрігерлеріне жансақтау бөлімінде жатқан науқасты «ақша үшін» өлтірмек болды деген күдік келтірілді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Мен отбасымды шақырыңдар дедім, жатудан бас тарттым, маған екпе салмаңдаңдар дедім. Сол кезде олар мені ұрып-соғып, байлап қойып, укол салды (кадрдың сыртындағы дауыс әңгіме Балқаштың реанимациясы жайлы болып жатқанын айтып қосты – ҚазТАГ). Қой немесе сиыр сияқтандырып, менің аузымды жауып тастады, егер аппараттан ажыратылсам, өліп қалатынымды айтты, ал мен түкірігімді де жұта алмай жаттым, бір ғана танауым ашық тұрды, мен өлуге тиісті болдым», – дейді медиктерден «қашып шыққан» пациент жексенбі күні интернетте тараған видеода.

Кадрдың сыртында бір әйелдің дауысы полиция шақырып жатты.

Желіге видеомен бірге тағы екі аудиоролик тарады. Олардың бірінде ақша үшін пациенттің өлтірілгелі жатқаны айтылса, екіншісінде ер кісі аталмыш іспен ұлттық қауіпсіздік комитетінің айналыса бастағанын жеткізеді.

«Аталған пациент Балқаш қаласының орталық ауруханасына ауыр хәлде жеткізілді. Артериялық қан қысымының барынша төмен болуына байланысты кідіртпестен жансақтау бөліміне ауыстырылды. Кезек күттірмейтін медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін пациенттің жағдайды тұрақталды. Тексеруден өткізілгеннен кейін нәтиже оның ауруы асқынып кеткенін көрсетті. Жағдайының нашарлауы қайталануы мүмкін екені болжанды. Аурухана әкімгершілігі науқастың туыстарына хабарласып, оның денсаулық жағдайына дұрыстап қарамаса болмайтыны және бұдан әрі анықталмаған ақпарларды таратпау қажеттігі ұсынылды», – деген түсіндірме берді ҚазТАГ тілшісіне Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл жағдайға байланысты.

Сонымен бірге оқиғаға құқық қорғаушылардың араласа бастағаны белгілі болып отыр.

«Дерек полицияда тіркеуге алынды. Балқаш қаласы орталық ауруханасының медициналық персоналына қатысты шаралар қабылдау үшін Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне материал жіберілді», – деп түсіндірді ҚазТАГ тілшісіне Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button