Украинаға Германияның өздігінен жүретін гаубицалары келе бастады
КИЕВ. 21 маусым. Украина Қарулы күштері Германиядан өздігінен жүретін гаубицалардың алғашқы партиясын алды. Бұл туралы gordonua.com хабарлады.
Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников бүгін Fаcebook-те немістің өздігінен жүретін 155 мм калибрлі PzH 2000 (Panzerhaubitze 2000) гаубицаларының бірінші легі келіп жеткенін баяндады.
«Украина артиллериясында немістің украин экипаждары үшін арнайы дайындалған Panzerhaubitze 2000 гаубицалары пайда болды. Өте маңызды. Бұл – біздің қорғанысымызды күшейтетін 155 мм калибрлі артиллерияның алтыншы түрі», – деп жазды ол.
Министр украин әскерилерінің оккупанттарды бұған дейін M777, FH70, M109, AHS Krab және Caesar зеңбіректерімен соққылап келгенін мәлімдеді. «Бұларға» енді «үздіктің үздігі» – PzH 2000 келіп қосылды.
«Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный әр кездегідей оларды ұрыс даласында 100 пайыздық тиімділікпен қолданады», – деді Резников.
Ол «қазірдің өзінде бүкіләлемдік деңгейде аңызға айналып үлгерген» украин артиллеристері мен Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырып отырған неміс әріптестеріне алғыс айтты.