Жаңалықтар жаңғырығыТаным

АҚШ Украинаға реактивтік дүркін отты жүйені көптеп береді

ВАШИНГТОН. 14 маусым. АҚШ Украинаға реактивтік дүркін отты жүйені керегінше көптеп жөнелтетін болады. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Құрама Штаттар қорғаныс министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Колин Кол бұған дейін анонс ретінде айтылған төрт РДОЖ –дың тек қана бастапқы транш болып саналатынын әңгімеледі.

«Біз украиндарға олардың Украинаның территориясын қорғап қалу мақсаты үшін қажет болатын қару-жарақтың барлығын береміз», – деді Кол.

Бұған дейін жазылғандай, Украинаға қолдау көрсету контактылы тобының үшінші кездесуі 15 маусым күні Брюссельде өтеді. Оған Пентагон басшысы Ллойд Остиннің өзі төрағалық жүргізеді.

Кейінгі кездері Украинаның ресми тұлғалары Украинаға қарулы күштеріне ауыр қару-жарақтар беруге уәде еткен батыс елдерінің сөздерінде тұрмай жүргендеріне қатысты реніштер барған сайын жиі айтыла бастады. Мысалы, Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников қазіргі күндері украин армиясының шешуші кезеңде соғысып жатқанын алға тартты.

Қазіргі таңда Донбаста кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатыр. Жау бар күшін Северодонецкіні басып алуға жұмылдыруда.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button