Германия Украинаға ең соңғы үлгідегі қаруды береді – Шольц
БЕРЛИН. 14 маусым. Германия канцлері Олаф Шольц Берлиннің Украинаға ең соңғы үлгідені қазіргі заманғы қаруларды бергелі жатқанын растады. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
Немістің DW газетінің жазуынша, Шольц Германияның Украинаға соғыстың басынан қару-жарақ беріп келе жатқанына тоқталып, әлі де солай бола беретінін айтқан.
«Түсінікті, Украинаның өзін өзі қорғауы үшін қосымша қарулар қажет», – деді ол.
подтвердил обязательство Берлина поставлять Украине современное вооружение.
«Қазіргі қысталаң кезеңде біз оны қолдаудың ауқымын кеңейтеміз: енді Украинаға ортақол қарулармен бірге, қазіргі заманғы зенит жүйесі мен артиллерияны тауып алатын радар жеткіземіз», – деді бұдан әрі канцлер.
Шольц қару-жарақтарды беріп тұрудың Еуропа мен НАТО-дағы әріптестермен үйлесімділік жолымен жүзеге асырылатынын мәлімдеді.
Ол Германия мен оның одақтастары үшін «НАТО-ның әрбір сантиметр жерін қорғаудың маңызы зор» екенін атап өтті. Сондықтан Берлин НАТО-ның шығыс қапталын қорғауға өзінің қатысуын ұлғайта түседі.
Германия мұның алдында Украина Қарулы күштеріне Gepard танкісін, Panzerhaubitze 2000 гаубицасын, Iris-T зенит жүйесі мен Mars дүркінді отты реактивті жүйесін жеткізіп беру жоспары бар екенін баяндаған болатын. Бірақ үкіметтегілер кейін ұйымдастырушылық себептермен және қауіпсіздік проблемаларынан Украинаға қару жеткізу кестесін жасаудың қиын екенін атап өтті.
Айта кету керек, Шольцтің өзі бұдан да бұрын Украинаға әскери көмек көрсетудің ұлғаятынын мәлімдегеніне қарамастан, содан бері онда немістің бірде-бір қаруы жеткізілген жоқ. Осыған байланысты бундестаг депутаттары бірнеше рет бұл мәселені көтеріп, РФ-ның жеңілуі үшін украин әскерлерін қолдауды жеделдету жайын алға тартқан болатын.