Украина Қарулы күштері жаудың 5 шабуылына тойтарыс берді
КИЕВ. 3 маусым. Украина әскерлері кеше Донбаста РФ армиясының 5 шабуылын қайтарып, жауды елеулі шығынға ұшыратты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«УҚК 2 маусым күні Донбаста ресейліктердің 5 шабуылын тоқтатты, түннен бері әлі 2 жерде ұрыс қимылдары жүріп жатыр, басқыншылар тәулік ішінде украинның 30-ге жуық елді мекендерін атқылады», – делінген хабарламада.
Украина Біріккен күштері топтары мен «Восток» жедел-тактикалық тобының баспасөз қызметі facebook-тегі парақшасында осындай деректер келтірді.
«Оккупанттар Донецк және Луганск облыстарының 30-ға жуық елді мекендерін атқылады, 52 азаматтық нысанды қиратты және оларға залал келтірді, олардың ішінде 42 тұрғын үй, 2 зауыт, әкімшілік ғимараты және мемлекеттік өрттен құтқару қызметі бөлімдерінің бірнеше автомобиль техникасы, ангар бар. Осы атқылаулардың нәтижесінде 5 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 7 адам жарақат алды», – делінген хабарламада.
Біріккен күштер тобындағы жігіттер мен қыздар 2 маусым күні Ресейдің 5 танкісін, 3 артиллериялық жүйесін және 2 жауынгерлік бронды машинасын жойып жіберді.
Бұдан бөлек, әуе шабуылына қарсы бөлімше Донбасс үстінен жаудың «Орлан-10» типтес 3 пилотсыз аппаратын атып түсірді.
«Восток» жедел-тактикалық тобы артиллериядан берілген дәл соққымен дұшпанның команда-бақылау пунктін жоқ қылып жіберді.
«Восток» жедел-тактикалық тобының жауынгерлері өздері жауап беретін аймақта барлығы 32 оккупантты, 2 танкіні, 1 БМП-ны (жаяу әскерлердің бронды машинасын), 1 бронетранспортерді, 2 артиллериялық жүйені, 1 миномет пен 1 беспилотникті құртты.
Ал Северодонецкіде әлі кескілескен шайқас жүруде.