АҚШ-тың ракеталары Украинада түбегейлі бетбұрыс жасайды
Осыған байланысты әскери шолушылар түсіндірме береді
Суретте: M142 Himars атқылап жатыр
АҚШ-тың дүркінді отты реактивті жүйесін (ДОРЖ) Украинаға беретін болып шешкені жайлы хабар тарағаннан кейін Беларусьтің «Белсат» порталы «Вот Так» телеграм-каналының әскери сарапшы Михаил Самусьпен жүргізілген сұхбатының мазмұнын жариялады.
Киев алдағы аптада Құрама Штаттардан M142 Himars ракета жүйесі мен одан ауыр соққы беретін M270 MLRS жүйесін ала бастайтын болды. Бұл майдандағы ахуалды күрт өзгертіп, украин жағына басымдық алып береді.
Осындай пікір білдірген әскери шолушы Михаил Самусь Украинаның бұған дейін Ресейден алысқа ататын ракета қару-жарақтары жағынан айтарлықтай қалық болып келгенін атап өтті. РФ армиясы болса, қанатты ракеталарды пайдалана отырып, украинның алыс тылда жатқан елді мекендерін де атқылап келеді. Мысалы, 28 мамырда дәл осылай Кривой Рогтағы зауыттардың бірін жойып жіберді.
«УҚК-терінің арсеналында тек жақын қашықтықтағы артиллерия жүйелері ғана бар, олармен Ресей армиясының тылдағы құрылымдарына немесе командалық бекеттеріне соққы бере алмайды. Ал америкалық ДОРЖ-дардың қазір РФ және Украина қарулы күштерінің қолданысындағы кеңес армиясынан қалған зеңбіректерден айырмашылығы, бұл қарулар жоғары дәлдікпен атылып, іс жүзінде жалпы бір аудандар аумағы емес, нақты бір нысана бойынша жұмыс істейді», – деп түсіндірді Самусь.
Алайда, америкалық ДОРЖ-дар келе бастаған күннен бастап майдандағы жағдай айтарлықтай күрт өзгеретін болады, басымдық бірден украин жағына ауады, деп атап көрсетті украин сарапшысы.
«Украина Қарулы күштері аталмыш қару қолға тигеннен кейін ресейліктердің қиян түкпірдегі жауынгерлік құрылымдарына дәл соққы бере алады, жаудың алдыңғы шепте орналасқан бөлімшелеріне ғана шабуылдап қоймайды, сонымен бірге қару-жарақ, оқ-дәрі және жағар-жағар май қоймаларын, сондай-ақ Ресей әскерлерінің алыс тылында тығылып жатқан командалық пункттерін талқандай береді», – деді Самусь.
АҚШ-тың жоғары мобильді M142 Himars артиллериялық ракета жүйесі
Сарапшының айтуынша, Украина Қарулы күштеріне осыдан кейін бір жерден екінші жерге көшіп, жинақталып, күшін топтастырып жататын ресейліктер дислокациясының быт-шытын шығарып, жолдарын кесіп тастап отырудың да мүмкіндігі туғалы тұр. Бұл майдан даласында ұлы бетбұрысқа бастайды.
M142 Himars – дүркінді отты реактивті жүйелердің әмбебап ұшырғыш қондырғысы, ол 45 шақырымға дейінгі қашықтықтағы нысандарға бұлтарыссыз дәл тиетін снарядтарды басқарады. Әрекетінің радиусы ұшырған снарядының типіне байланысты 70-300 шақырымдық аумақты қамтиды.
Himars – M270 MLRS-пен салыстырғанда біршама жеңіл жүйе. Ол АҚШ-тың теңіз жаяу әскерлері үшін жасалған. Енді авиациямен бұл қондырғылар Украинаға тез жеткізіледі. Бір қондырғының құны $6 млн-ға жақын.
M270 MLRS – алыс қашықтыққа атылатын ракета жүйесі шынжыр табанды шассимен қозғалады, салмағы 25 тонна тартады. Оның ату қашықтығы 30 шақырымнан 500 шақырымға дейін барады. M270 MLRS кешені бір мезгілде 12 ракетаны немесе 1 баллистиканы оқтай алады. Құны шамамен – $2,3 млн.
Дүркінді отты M270 реактивті жүйесі
«Вот Так» сауалдама жүргізген Ресейдің әскери сарапшылары да Самусьтің пікірімен келісіп отыр. Олар бұл қаруларды алғаннан кейін Украина Қарулы күштерінің Ресей армиясының тылдарына күйрете соққы беріп, онсыз да қансыраған және деморализацияға ұшыраған РФ әскерлеріне қырғидай тиетінін мойындайды. Бұған қоса, америкалық ДОРЖ-дардың күшімен украин армиясы Ресейде орналасқан қамтамасыз ету тораптары мен командалық пункттерді талқандай алады. Осының есебінен соғыс алаңын Ресей территориясына көшіруге де мүмкіндік бар. Мұның бәрі тұтастай алғанда ресейліктердің соғыстағы жағдайына қатты әсер етуі мүмкін, дейді олар.
Бірқатар америкалық басылымдар жазғандай, Ақ үйдегілер басында жанжал аумағының ұлғайып кетуінен қауіптенген екен. Байденнің бірқатар кеңесшілері Путин мұны Ресейдің тылдарына шабуыл жасау деп бағалап, шамадан тыс эскалация жасап жібереді деп есептеген. Сондықтан Вашингтон бұл қаруды берер алдында Киевтен соққының қашықтығын шектеуді сұрады. Атап айтқанда, Джо Байден Ресей территориясын атқыламауға кеңес берді.
Материалдың түпнұсқасы:
Какие РСЗО Украина получит от США и что изменится на фронте. Объясняют военные эксперты
Американские реактивные системы залпового огня (РСЗО), поставку которых Украине, как сообщили накануне NYT и WSJ, одобрила администрация Джо Байдена, серьезно изменят ситуацию на фронте. Такое мнение в комментарии «Вот Так» высказал украинский военный эксперт Михаил Самусь. Киев может получить пусковые установки M142 Himars и более тяжелые M270 MLRS.
По словам эксперта, Украина значительно уступает России в дальнобойном ракетном вооружении. Армия РФ наносит удары даже по мирным городам в глубоком тылу, используя крылатые ракеты. Например, вчера, 28 мая, был уничтожен один из заводов в Кривом Роге.
«ВСУ имеют в своем арсенале лишь артиллерийские системы небольшой дальности и не могут нанести серьезного ущерба соединениям тылового обеспечения, линиям снабжения или командным пунктам российской армии. В отличие от советских РСЗО американские высокоточные системы фактически работают не по площадям, а точечно наносят удары на дальних расстояниях и этим отличаются от тех систем, которые сейчас состоят на вооружении ВС РФ и Украины», – пояснил Самусь.
Однако, как подчеркнул украинский эксперт, с началом поставок американских РСЗО ситуация на фронте существенно изменится.
«Получив это оружие, ВСУ сможет наносить удары далеко вглубь боевых порядков россиян и атаковать не только вражеские подразделения, расположенные на передовой, но и склады вооружений, боеприпасов и топлива, а также командные пункты, расположенные в тылу российских войск», – отметил Самусь.
По его словам, возможность поражать в том числе тылы российской группировки – одно из ключевых условий, необходимых для успешного контрнаступления ВСУ и глобального перелома ситуации на фронте.
Что может получить Украина
M142 Himars – это универсальные пусковые установки реактивных систем залпового огня, которые могут стрелять неуправляемыми снарядами на расстояние до 45 километров или высокоточными, а также баллистическими ракетами. Радиус их действия оценивается в 70–300 километров в зависимости от типа снарядов. Himars – более легкая система по сравнению с M270 MLRS. Она была разработана для морской пехоты США. Авиацией эти РСЗО могут быть доставлены в Украину достаточно быстро. Одна установка стоит около $6 млн.
M270 MLRS – ракетная система большой дальности на гусеничном шасси весом более 25 тонн. Дальность стрельбы зависит от типа боеприпасов и составляет от 30 до 500 километров. В комплекс M270 MLRS можно одновременно зарядить 12 ракет или одну баллистическую. Стоит эта система примерно $2,3 млн.
Российские военные эксперты, опрошенные «Вот Так», разделяют мнение Самуся, говоря, что возможность ВСУ наносить удары по российским тылам ухудшит ситуацию со снабжением и ротацией личного состава и без того обескровленной и деморализованной российской группировки. Кроме того, с появлением американских РСЗО в арсенале украинской армии ударам могут подвергнуться ключевые узлы снабжения и командные пункты, расположенные в России. То есть фактически Киев сможет перенести боевые действия и на российскую территорию, а это может сильно повлиять на отношения россиян к войне в целом.
«В Москве началась истерика»
Как писали сразу несколько американских СМИ, в Белом доме опасались возможного расширения зоны конфликта. Некоторые советники Байдена были уверены, что Путин расценит потенциальные удары по российским тылам как чрезмерную эскалацию. Но в то же время Вашингтон не хотел ставить перед Киевом ограничения по дальности нанесения ударов, передавая такое мощное оружие. О поставках реактивных систем залпового огня официально США пока не объявляли.
Президент Украины Владимир Зеленский заявил, что ожидает положительного решения уже на следующей неделе. Передадут ли Украине вместе с РСЗО снаряды, способные бить на сотни километров, остается загадкой. Москва рассчитывает, что Вашингтон не поставит Киеву как минимум дальнобойные ракетные вооружения. Об этом на днях говорил российский посол в США Анатолий Антонов.
В свою очередь советник главы офиса президента Украины Михаил Подоляк, комментируя возможные поставки РСЗО дальнего радиуса действия заявил, что «у Москвы началась истерика» от такого шага Запада.
Виктория Феофанова
«Вот Так», Белсат, 29 мая, 2022 г.