Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ Украинаға дүркінді реактивті жүйені беретін болып шешті

ВАШИНГТОН. 28 мамыр. АҚШ президентінің әкімгершілігі Украинаға ақыры алыс қашықтықты, дүркінді (залпты) отты реактивті ракета жүйесін беруге ұйғарым жасады. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

Басылымның жазуынша, Джо Байден оны украин жауынгерлері өзінің Донбасы территориясын Ресей басқыншыларынан қорғап қалуы үшін жібергелі отыр.

Ал аталмыш қарудың берілетіні жөніндегі ресми хабарлама алдағы аптада жасалатын сияқты.

Газеттің жазуынша, бұл қарудың жүйесінде мобильді ракета қондырғысы болады. Ол ату қондырғысына қарағанда әлдеқайда тиімді, соның арқасында ракета алыс қашықтыққа бара алады.

Әзірге ресми тұлғалар Құрама Штаттардың тап қандай ракета беретінін ашып айтпаса да, Пентагонның өзі жиі қолданатын M31 GMLRS (Gueded Multiple Launch Rocket System) жүйесін ұсынғалы тұрғаны құпия болмай қалды. Ол – спутникпен басқарылатын өте жоғары дәлдікті қару, жарылыстарының күші 500 фунттік авиабомбаға тең.

АҚШ сондай-ақ Украинаға беретін қарулары шоғыры қатарына дөңгелекті жүк көліктерінің шассилері арқылы жылжып тұратын HIMARS дүркінді отты реактивті жүйесін де қоспақшы болып жоспарлап отыр.

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов Мәскеудің «салиқалы ой салтанат» құрып, Вашингтонның Киевке алысқа атылатын ракета қаруын беруден бас тартататына үміт артатынын мәлімдеді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button