Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Белгородта соғысты қолдаған ұлдың құрметіне шоколад шығарылды

БЕЛГОРОД. 26 мамыр. Ресейдің Белгород облысында РФ оккупанттарының Украинадағы соғысын қолдаған 10 жасар ұлдың құрметіне «Алешка» деген шоколад шығарылды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Осы хақында telegram-да қуана баяндаған Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков бұған өзінің бастамашы болғанын да жасырмай жазады. Ол мұны «Настоящий Гладков» деген өз аккаунты арқылы жариялады.

«Біздің кондитер фабрикасымен келісіп, «Алешка» деген шоколад шығардық. Ең маңыздысы оның орама қағазында, онда шлем киген, әскери құрмет көрсеткен бала және бөртегүл (сирень) тұр. Шоколадтың түсі қою қоңыр, адамға күш беруге тап осындай түстің пайдасы зор». – деп жазады аймақ басшысы өзінің Telegram-каналында.

Ол баланың есімі Леша екенін, оның Белгород облысы ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал екенін атап көрсетеді. «Адал да шынайы балақай Ресей әскерилерін ұдайы шығарып салып, қарсы алып жүреді, оларға өз жүрегінен шыққан жылуын ылғи төгіп тұрады», – деп жазды содан әрі.

«Біз өз жүрегіміздің жылуын әскерилермен осылай бөліскіміз келді. Сондықтан шоколадтың сынақ партиясын шығарып, госпитальдарда жатқандар мен шепте жүргендерге жібердік. Әрине, Лешаға да бердік. Ол – біздің халықтық қаһарманымыз», – депті соңында Гладков.

Губернатор сонымен бірге бұл шоколадтың дүкендерде сатылмайтынын айтып өтіпті.

 

Настоящий Гладков

Есть хороший парень Лёша…

Сегодня он стал известен не только в Белгородской области, но и за ее пределами. Честный и искренний ребенок провожает и встречает наших военных и делится с ними своим тёплом, которое идёт от чистого сердца. Но именно этого ребятам сейчас и не хватает: знать, что дома ждут, знать, что дома ими восхищаются вот такие же мальчишки, как Алеша…

Так хотелось поделиться этим теплом с военными. Поэтому договорились с нашей кондитерской фабрикой и выпустили шоколад «Алешка». Самые важные опознавательные знаки на обертке – шлемофон, воинское приветствие и сирень. Шоколад темный, именно такой и полезен для восстановления сил.

Пробную партию развезли нашим ребятам в госпиталях и тем, кто на передовой. И, конечно же, Леше. Он наш народный герой. Сразу предупрежу: шоколад нельзя купить в магазине. Хотя уверен, он бы пользовался популярностью.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button