25 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

РФ пабликтері: Курск, Белгород және Брянск облыстарында соғыс жүріп жатыр

16 Тамыз 2024 10:26
- Жаңалықтар, Оқиға
РФ пабликтері: Курск, Белгород және Брянск облыстарында соғыс жүріп жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 16 тамыз. Ресей таблоидтары қазіргі кезде соғыс жүріп жатқан Курск, Белгород қатарына Брянск облысының да қосылғанын баяндады. Бұл туралы DonPress ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейдің «Кремлевская табакерка» ресурсы кеше Белгород облысының Вязовое селосына украин әскерилері келіп кіргенін жазды. Ол соның алдында алынған Колотиловкадан 3 шақырым жерде.

Курск облысындағы шайқас аудандарының ауқымы төртінші – Глушковский ауданына ұласты. Жергілікті билік аудан тұрғындарын түгел басқа жаққа көшіруге шешім қабылданғанын жариялады. Кремльдің сондағы «басқа жағы» Донецк облысы болып тұрғанға ұқсайды.

Осы тұста Украина Қарулы күштері облыстың тағы бірқатар селоларын басып алды. Украин билігі өз қарауына өткен аудандар тұрғындарын Украинаның Сумы облысы жеріне уақытша көше тұруды ұсынып жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары Ресейдің 2 мыңға жуық әскериінің украин армиясы тұтқынына түсіп қалғанын жазып отыр.

«Валдайский холодильник» телеграм-арнасы РФ армиясының Брянск облысындағы қорғаныс жағдайы да оншалықты мәз емес екенін атап өтті. Өңірде болған мәнбенің мәліметіне сүйенген паблик «Бізде бәрі жай жаман емес, өте жаман. Унеча мен Злынка әркім жүріп өтетін аулаға айналды. Жауды қарсы аламыз ба? «Самозванец» (шамасы, Путинді айтып тұрса керек – ред.) біздегі түйінді нысандардың бәрін дұшпан жедел бақылауға ала салатындай етуге дейін апарып қойды! Бұдан бұрын жазылған Калининград қазір НАТО солдаттарын құшақ жая қарсы алуға дайын тұр. «Бәрі жоспарға сай жүріп жатқан» сендердегі қандай «СВО», далбайлар?» деп жазды.

Курск облысындағы Кореново елді мекеніне жақын жерде Украина Қарулы күштері Ресейдің колоннасына шабуыл жасап, қатты шығынға ұшыратты.

Осымен бірге Украина Қарулы күштерінің бас штабы 16 тамызға дейінгі тәулік ішінде жаудың қаншалықты шығынға ұшырағанын жариялады. Сол статистикаға сәйкес, украин жауынгерлері басқыншылардың 1330 адамы мен 250-ден аса әскери техникасын жойып жіберген.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі тіпті өздерінің 2500-ден аса украин сарбаздары оққа ұшқанын жазып отыр. Бірақ бұл жеңіліп жатқан жақ үшін оншалықты жобаға соғатын мөлшерге ұқсай қоймайды.

Таңбалар: БелгородБрянскКурскРФсоғыс

Ұқсас мақалалар

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды
Жаңалықтар

РФ СІМ отандастарын ұзақ уақыттық соғысқа дайын болуға шақырды

08.08.2026
Собянин: РФ экономикасын соғыс рельсіне көшіру елді жоқ қылады
Дәулет

Собянин: РФ экономикасын соғыс рельсіне көшіру елді жоқ қылады

06.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist