Алматы әкімі метроның әуежайға дейін жеткізілетінін мәлімдеді
АЛМАТЫ. 18 қазан. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев метрополитенді аэропортқа дейін ұзарту жоспары бар екенін ашып айтты. Бұл туралы Zakon.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Дуанбасы бүгін мұны шаһардың Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде сөз арасында жеткізді. Жиын барысында жол және көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты мәселелер де қозғалған еді.
Жергілікті тұрғындардың бірі әкімнен биылғы жол-құрылысының қашан аяқталатынын сұрады. Сондай-ақ, ауа-райы қолайсыздығының жол жамылғысың сапасына әсер ету мүмкін екенін де еске салды.
Бұған қала басшысы 1 қарашадан бастап негізгі жөндеу жұмыстарының біртіндеп тоқтатылатынын айтып жауап берді.
«Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге болатын белгілі бір жағдайлар бар. Егер күндізгі температура мамандарға жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, жұмыстар жалғасады», – деді Ерболат Досаев.
Әкім сондай-ақ қаланың көлік жүйесіне де тоқталып өтті.
Аудан тұрғындарының бірқатары метроның «Қалқаман» шағын ауданы мен «Барлық» базары аумақтарында ашылатын жаңа станциялары құрылысьарының ұзаққа созылып кеткенін алға тартты.
«Метро салынады. Биылғы жылы құрылыс аса белсенді қарқынмен жүрмеді. Біздің басты міндетіміз – алдымен «Қалқаман» станциясына дейінгі желіні аяқтау. Бірақ сонымен қатар метрополитеннің батыс бағытта «Барлық» базарына дейін жеткізу де қарастырылып жатқанын айта кетуім керек, онда жаңа көліктік трансплантациялау торабы пайда болады. Бұдан басқа,, оны әуежайға дейін апару жобасы да қолға алынуда. Келесі жылы бәрі тұрақталып, жұмысты жоғары қарқынмен жүргіземіз деп үміттенемін», – деді Ерболат Досаев
Әкім осы сөзінің ыңғайыында бүгінде метроға, жеңіл рельсті көлікке және автобустарға арналған арнайы желі басымдыққа ие болып отырғанын атап өтті.
«Көлік қаңқасының Мастер-жоспары бекітілді. Келесі жылы негізгі инвестициялар мен ірі жобалардың құрылысы басталады», – деп сөзін тиянақтады Ерболат Досаев.