Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Кремль көтерілісшілерге төтеп бере алмай, Белгородтағы елді көшірмекші

МӘСКЕУ. 21 наурыз. Ресей армиясы Белгородты орыс еріктілері жасақтарының жойқын шабуылдарынан қорғай алмайтын болғандықтан, ондағы халықты көшіруге көшті. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей территориясындағы ұрыс қимылдары Кремльдің қарапайым халықтың соғыстан тартатын зардабын барынша азайтуға бағытталған шараларын жоққа шығарды.

Ресей өз армиясы мен көтерілісшілері шайқастары ыңғайында Белгород облысынан алдымен мыңдаған баланы эвакуация жасаудың жаңа кезеңін бастағалы жатыр. «Облыс губернаторының айтуынша, соңғы аптада өңірде жүріп жатқан ұрыс қимылдары нәтижесінде кемінде 16 ресейлік қаза тауып, 100-ге жуық тұрғын жарақат алып қалған», – деп жазды The Times.

Губернатор Ресей билігінің 9000-ға таяу баланы эвакуация жасайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ сейсенбі күні Никольск селосында орын алған шайқаста төрт адамның қаза тапқанын баяндады.

«Облыстық астана, Белгород, мұның бәрі украинның майдан шебіндегі қаласын еске түсіреді. The Times өткен аптада қалаға келіп кіргенде, онда әуе дабылының сиренасы жиі естіліп тұрды, ал ПВО қала үстінен бірнеше ракетаны атып түсірді. Желтоқсанда қала украин атысының астында қалғанда 20-дан астам бейбіт тұрғын бір күнде қаза тапты», – деп жазды британ журналистері.

Өткен аптада Ресейдің үш ерікті жасағы Белгород және Курск облыстарына рейд жасауды бастады.

Ресейде қазір іс жүзінде азамат соғысы жүріп жатыр. Екі жақта да бір-біріне қарсы шыққан ресейліктер тұр.

Еріктілердің «Свобода России», «Русский добровольческий корпус» және «Сибирский батальон» легиондары Путинді тақтан тайдыру үшін Ресей армиясымен соғыса  беретіндерін ашық айтты.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button