Еуропа одағы Молдоваға шұғыл түрде қосымша қару-жарақ береді
БРЮССЕЛЬ. 4 мамыр. Украинадағы соғыстан ащы сабақ алған Еуропа одағы Молдоваға шұғыл түрде алдын ала қосымша қару-жарақ беруге шешім қабылдады. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Украинаның ащы тәжірибесінен тәлім алған Еуропа одағы Молдоваға соғыс қару-жарағын жеткізіп беріп, қолдау көрсету ниетінде. Еуропа сондай-ақ Молдованы Кремльдің насихаты мен ресейлік хакерлерден қорғайтын болады», – деді Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишель мырза бүгін Молдоваға арнайы келген сапарында.
Ол Молдова президенті Майя Сандумен келіссөз жүргізді.
«Біз Молдоваға қосымша қару-жарақ жеткізіп беріп, оның өз табандылығын нығайта түсуіне және Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясы кезіндегідей зардаптартарға тап болмауына көмектесеміз», – деді Мишель.
ЕО басшысы 2021 жылы Молдованың армия мұқтаждықтары мен медициналық жабдықтар алуы үшін 7 млн еуро көлемінде қаржылай көмек бергендерін еске түсірді. Сондай жәрдем 2022 жылы да жасалады.
Бұдан бұрын Санду Молдованың іс жүзінде жауынгерлік қабілеті жоғары армиясы жоқ екенін мәлімдеген еді. Өйткені, оның осыған керекті жабдықтары, әскери техникалары мен қару-жарақтары жоқ. Елдің Қарулы күштерінде барлығы 5000 ғана әскери қызметкер бар, резервшілер саны 60 мыңнан аспайды.
Украина барлауының мәліметіне қарағанда, жақын арада Ресей әскерлері Молдованың Приднестровье өлкесіне басып кіріп, осы жерден Одессаға ту сыртынан шабуыл жасамақшы