Украина әскерилері Харьков түбінде РФ-ның 30 техникасын жойды
КИЕВ. 30 сәуір. Украина Ұлтық гвардияның арнаулы жасағы мен Қарулы күштер қызметкерлері Изюм бағытында жаудың танкілері мен әскерлер жеке құрамын көптеп жойып жібеді. Бұл туралы DonPress хабарлады.
«Украин әскерлері өткен тәуілікте Харьков облысындағы Изюм бағытында РФ-ның басқару бекетін, көптеген танкілері мен әскерлері жеке құрамын талқандады», – делінген хабарламада.
Ұлттық гвардия осыған байланысты видео да жариялаған.
Украин әскерлері жаудың 30-дан аса техника бірлігін қиратып тастаған. Бірақ әзірге өлтірілген орыс солдаттарының нақты саны анықталған жоқ.
Мәлім болғанындай, спецназ жауынгерлері жаудың Изюм бағытында жылжып бара жатқан техникаларын байқап қалысымен оларға қарсы шара қолдануға кіріскен. Сол мақсатта дереу Қарулы күштерге колонна жөнінде мәлімет жіберген. Әскерилер көп кідіртпей, айтылған нысанды дәл атқылаған.
Оккупанттардың қиратылған соғыс техникаларының жартысын танкілер құрайды, отқа оранғандар қатарында сондай-ақ БТР-лар, БМД және МТ-ЛБ бар.
Ал бүгін түнде Запорожье аспанында Ресейдің «Су-25» ұшағы атып түсірілді.