Әзербайжан Украинаның территориялық тұтастығын қолдайды
БАКУ. 30 сәуір. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз елі Украина территориясының тұтастығын қолдайтынын ашық мәлімдеді. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
Саясаткер сонымен бірге өз мемлекетінің агрессор Ресеймен «жақсы қарым-қатынаста» екенін атап өтуді де ұмытқан жоқ.
Кеше, жұма күні өткен баспасөз мәслихатында Әлиев Әзербайжанның Украинаға қатысты мәселені талқылаудан қашпайтынын, «ағаштың артына тығылып қалмайтынын» баяндады. Шара трансляциясы Youtobe-те көрсетілді.
Әзербайжан басшысы өз сөзінде сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың бұрынырақта Молдова мен Грузияның тұтастығына қолдау білдіргенімен, Таулы Қарабақтағы жанжал кезінде Әзербайжанға тап солай қарамағанын да баса айтты.
«Біз басқа елдер сияқты Украинаның территориялық тұтастығын қолдаймыз. Біз мұны ашық жариялаймыз, ағаштың артында жасырынып қалмаймыз. Иә, біз Ресеймен жақсы қарым-қатынаста екенімізді де жоққа шығармаймыз. Бірақ халықаралық құқық қағидаттары саяси үстемдіктің ыңғайына қарай басқаша реңк алып кетуге тиіс емес», – деп мәлімдеді Әлиев.