Украин әскерлері тәулікте жаудың оннан аса шабуылын қайтарды
КИЕВ. 17 сәуір. Өткен тәулік ішінде Украина әскерлері РФ армиясының оннан аса шабуылына тойтарыс берді. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Өткен тәулікте Украинаны қорғаушылар РФ әскерлерінің оннан аса шабуылының бетін қайтарып, жаудың 15 танкісін, 24 бронды және 10 автомобиль техникалары бірліктерін, сондай-ақ артиллериялық жүйесін жойып жіберді. Әуе күштері өз тарапынан оккупанттардың 13 әуе нысанасын – ұшақтарын, тікұшақтарын, 6 қанатты ракеталары мен 5 беспилотнигін атып түсірді», – делінген хабарламада.
Соғыстың 50-ші күнінде басқыншылар қару-жарақпен және оқ-дәрілермен қамтамасыз етілу жағынан айтарлықтай қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан, олар Мариуполь блокадасын нығайта түсуге күш салуда.
Қазір қоршауда отырған 100 мыңдық қала тұрғыны аштықтың қарсаңында тұр. Агрессорлар БҰҰ-ның азық-түлік тиелген колонннасын ішке қарай жіберер емес. Ал қала көшелері тұрғындардың мәйіттеріне толы. Ресей солдаттары оларды көрінген жерде атып тастай берген.
Сонымен бірге, Донбасс маңайына РФ-ның Курск, Брянск және Воронеж облыстарынан ә әскер жеткізу жалғасып жатыр.
«Оккупанттардың тікелей қақтығыс желісі бойында орналасқан бөлімшелері жеке құрамдардың наразылығы күн санап арта түсуде, олардың моральдық-психологиялық ахуалдары өте төменгі деңгейде. Ресей әскерилері ұдайы көшіп-қонып, техникаларды тасып жүретіндеріне, жеткізілеті жанар-жағар мен мен тамақтың сапасына шағым жасайды», – делінген хабарламада.
Бүгін оккупанттардың Донецк филармониясының музыканттарын алдау жолымен «мобилизация» жасағаны жайлы да әңгіме тарап жатыр. Ресейліктер оларды телевидениеге сюжет үшін керексіңдер деген өтірік желеумен киіндіріп алып, блокададағы Мариупольға соғысқа апарып салған. Қазір осы жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.