Ресей генералдары біржола күйремеу үшін соғысты созбауды сұрады
МӘСКЕУ. 16 сәуір. Ресей генералдарының бір бөлігі Владимир Путиннен Украинаның оңтүстік-шығысындағы соғыстан бас тартуды сұрап отыр. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Жоғары шенді әскери қызметкерлер мұны Ресей армиясының бұдан әрі орасан зор шығынға ұшырай беретінінен қауіптенгендіктен айтып отырғандарын білдірді.
YouTube-каналыда украин журналисі Тарас Березовецке әскери сарапшы Олег Жданов осы жайында әңгімеледі.
Оның айтуынша, Ресей генералдары Путинге Ресей Қарулы күштерінің әлдеқандай бір қауқарлы бөлігін сақтап қалу үшін шабуылдың екінші толқынын жасамауды ұсынған. Жданов Ресей әскерлері Донбаста талқандалып кететін болса, РФ-да украин шекарасынан Мәскеуге дейінгі территорияда шынайы жауынгерлік қабілеті бар бөлімдердің қалмайтынын атап өтті.
«Егер олар Донбаста сәтсіздікке ұшырайтын болса, онда шекарадан Мәскеудің өзіне дейін, коменданттық взводтар мен қалалар күзетіндегі әскерилерден басқа, ешқандай әскери құрылымдар қалмас еді. Ол кезде қорықпай еркін басып кіріп, Қызыл алаңда жүре беруге болады», – деді ол.