Қазақстанда пойыздардың билеттері қымбаттап жатыр
АСТАНА. 11 сәуір. Үстіміздегі жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда пойыздар билеттерінің бағалары қымбаттай бастағаны байқалады. Бұл туралы «Айқын» хабарлады.
Басылым бір жыл ішінде бағаның 1,6 пайызға өскенін алға тартады.
Осы бір жылдың ішінде елордада пойыз билеттері 9,8 пайызға қымбаттаған. Ал Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында билет бағасы былтырғы жыл мөлшерін ұстап тұр. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында баға керісінше 1,5 және 2 пайыздарға арзандаған.
Сонымен қатар теміржол тасымалы саласындағы компаниялардың кірісі 20,8 пайызға өскен. Бұл дегеніміз – 196,2 млрд теңге. Оның 185,2 млрд теңгесі жүк пен багаж тасымалынан, ал 11 млрд теңгесі жолаушылар тасымалынан түскен.
Жыл басынан ақпанға дейінгі аралықта теміржол арқылы 2,5 млн адам тасымалданған. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда, 28,8 пайызға артық.