Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Украина армиясы Ресейдің тағы бір генералын жер жастандырды
КИЕВ. 19 наурыз. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте Ресейдің генерал-лейтенанты Андрей Мордвичевтің көзін жойды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы хабарлағандай, «…дұшпанға оқ жаудырудың нәтижесінде Ресей Федерациясы Қарулы күштері Оңтүстік әскери округі 8-ші жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы генерал-лейтенант Андрей Мордичев» өлтірілген.
Еске сала кетейік, Украина Қарулы күштері осы кезге дейін Ресей армиясының оннан аса генералдары мен жоғары шенді офицерлерін жойып жіберді. Нақты айтқанда, 5 генерал, 8 жоғары шенді офицер украин жеріндегі ұрыс даласында оққа ұшты.
Олардың қатарында мыналар бар:
- генерал-майор Тушаев Магомед – Шешенстан ұлттық гвардиясы 141-ші моторлы полкының командирі, Гостемель түбінде жан тапсырды;
- генерал-майор Герасимов Виталий – Орталық әскери округі 41-ші жалпы әскерлер армиясы қолбасшысының бірінші орынбасары, Харьков түбінде өлтірілді;
- генерал-майор Колесников Андрей – Шығыс әскери округі 29-шы жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы, 11 наурызда жойылды;
- генерал-майор Суховецкий Андрей – Орталық әскери округі 41-ші армиясы қолбасшысының орынбасары, 28 ақпанда Мариупольде опат болды, оның өлімін Путиннің өзі растап, жоқтады;
- полковник Захаров Андрей – Орталық әскери округі 90-шы танк дивизиясы 6-шы полкының командирі (Чебаркуль), 9-10 наурыз күндері Киев түбінде ажал құшты;
- полковник Порохня Сергей – Орталық әскери округі 12-ші гвардиялық инженерлік жеке бригадасының командирі, Киев түбінде қаза тапты;
- полковник Николаев Игорь – 3-ші мотоатқыштар дивизиясы 252-ші мотоатқыштар полкының командирі, 15 наурызда Харьков түбінде келмеске кетті;
- подполковник Агарков Юрий – 33-ші гвардиялық мотоатқыштар полкының командирі;
- подполковник Сафронов Дмитрий – Харьков түбінде 6 наурыз күні тұтас жойылып кеткен теңіз жаяу әскерлері бригадасы командирінің орынбасары;
- подполковник Ермолин Михаил – 12776 әскери бөлім дивизионының командирі;
- полковник Исайкин Виктор – наурыздың басында қаза тапты, оны Мордва басшысы айғақтап берді;
- полковник Сергей Сухарев – 331-ші гвардиялық парашют-десант полкының командирі (Кострома), 17 наурыз күні өзінің полкымен бірге жойылып кетті.