Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық
Халықаралық сот РФ-ның геноциді туралы тыңдауды бастады
ГААГА. 7 наурыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаагадағы Халықаралық қылмыстық істер соты Ресейдің Украинадағы геноциді туралы істің жайын тыңдауды бастады. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
«БҰҰ Халықаралық соты дүйсенбі күні Украинаның талап-арызы бойынша Ресейдің геноциді жөніндегі істі қарауды бастады»,– делінген хабарламада.
Украина делегациясы 7 наурыз күні БҰҰ-ның 1948 жылғы «Геноцид қылмысын тоқтату және ол үшін жазаға тарту туралы» Конвенциясынаа сәйкес, Ресейдің ісіне құқықтық позиция тұрғысынан баға беру ұсынысын тапсырды.
Бірақ Ресей тарапы бұл сотқа қатысып, өзін өзі қорғаудан бас тартып отыр.