Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Алматы жұрты Украинаға қолдау білдіру шеруін өткізді

АЛМАТЫ. 6 наурыз. Бүгін түсте Алматыда Украинаны қолдауға арналған шеруге 2 мың адам шықты. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Шеру қаладағы 4-шағын ауданда орналасқан «Сарыарқа» кинотеатрының алдында өтті. Митингіге ешкім кедергі келтірген жоқ.

Жиынға қатысушылар арасында әртүрлі жастағы адамдар болды, олардың негізін жастар құрады. Сондай-ақ олар Қазақстан мен Украинаның гимндерін шырқады.

Жиналғандардың қолдарында Украинадағы соғысты ұйымдастырушыларды айыптаған плакаттар болды.

«Путин Ресейі тұтандырған соғысқа қарсы әр қазақ, әр қазақстандық қазір осы жерде тұруға тиіс. Бұл соғыс тек Украина үшін ғана емес, Еуропаға ғана емес, күллі әлем үшін қауіпті. Сондықтан мен әрбір қазақстандық Ресейге қарсы позициясын, өзінің азаматтық позициясын білдіруге тиіс деп есептейтін. Мен қазір шеруді ұйымдастырушылармен сөйлестім, олар жақсы қарар дайындаған екен, кешке оны Ақордаға жібереді. Бұл шерудің тиімділігі арнайы желілер арқылы, баспасөз арқылы бүкіл Қазақстанға ақпарат таратудан көрінеді, кейбір кадрлар мен сөздердің бүкіл тарайды, сонда біздің Украина үшін, Украинаның даңқы үшін жанашыр екеніміз басқаларға үлгі болады», – деді белгілі журналист, қоғам қайраткері Ермұрат Бапи.

Ал Шымкентте өткен митингідег полицейлер ешбір себепсіз бір  адамды ұстап алып кетті. Оны неге ұстағандарын да айтқан жоқ.

Бүгін мұндай митингілер Ресейдің Владивосток, Хабаровск, Иркутск, Красноярск қалаларында да болды. Енді наразылық қозғалыстары Ресейдің Челябинск, Санкт-Петербург, Дондағы Ростов, Белгород, Калуга секілді бірқатар қаларында да өтеді деп күтілуде. Ал бұлардағы ең үлкен митинг Мәскеуде өтуге тиіс. Онда кеше де көптеген көшелер Ресейдің агрессиясына қарсы шығушыларға толып кетті.

Сол сияқты Украинаға қолдау көрсету митингілері Ташкент, Бішкек, Баку, Тбилиси, Плевень (Болгария), Неаполь (Италия), Тёнсберг (Норвегия), Гетеборг (Швеция), Хельсинки (Финляндия) шаһарларында бой көрсетуде. Бұлардан басқа, Беларусь, Молдова, Чехия, Польша, Латвия, Литва, Эстония және Марокко елдерінде де бүгін өткелі жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button