Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Үш мың америкалық ардагер Украинаны қорғауға ерік білдірді
КИЕВ. 6 наурыз. АҚШ-тың үш мың еріктісі – бұрынғы жауынгерлер Украинада соғысуға ерік білдірді. Бұл туралы BBC хабарлады.
Америкалық соғыс ардагерлері қазір Грузия, Хорватия, Франция азаматтары кіруге өтініш беріп қойған шетелдік легион құрамында басқыншыларға қарсы соғысуға дайын. Бұлардың арасына Иракта және басқа да «отты нүктелерде» өткен ұрыс қимылдарына қатысқандар бар.
Украинаға барлығы 16 мыңнан астам еріктілер жиналмақшы. Олардың қатарын жоғарыдағы елдерден бөлек, Латвия, Литва, Эстония, Польша, Израиль, Ұлыбритания, Жапония азаматтары толтырады.