Зеленский батыс елдерінен Украина аспанын жабуды талап етті
КИЕВ. 4 наурыз. Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдерін Украина әуе кеңістігін РФ-ның ұшақтарынан жауып беруді талап етті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
Мемлекет басшысы Ресей ұшақтарының әуеден жасаған шабуылдары салдарынан көптеген бейбіт украиндықтардың оққа ұшып жатқанын айтты.
Ол баспасөз мәслихатында шетел журналистері алдында біраз жағдайдың бетін ашты.
«Біз аспанымыздың жабылғанын қалаймыз, себебі, нақты адамдар қаза болып жатыр. Олар Беларусьтің территориясынан, Ресейдің территориясынан ұшып келуде. Ракеталар, бомбылар жарылуда, «Искандерлер», ұшақтар, бомбардировщиктер іске қосылуда», – деді президент.
Владимир Зеленскийдің айтуына қарағанда, ол елдің аспанын жауып беруді өтініп, көптеген әлем елдерінің лидереріне, соның ішінде президент Байденге, президент Макронға, канцлер Шольцке шыққан.
«Мен егер сіздер қазір аспанды жауып бере алмасаңыздар, бізге оның қашан болатын мерзімін айтыңыздар. Егер қазір келе алмасаңыздар, украиналықтарға соған дейін қанща адамның жарылыс астында кететінін айтыңыздар. Сіздерге сөзіміз жетуі үшін тағы қанша қол, аяқ, бас жұлынулары керек? Аспан қашан жабылады? Тағы қанша керек? Санын айтыңыздар, дедім мен оларға», – деді Зеленский.
Президент егер Батыс аспанды өздері жауып бере алмаса, онда соғыс ұшақтарын беруге тиіс дегенді айтты. Әйтпесе, РФ Берлин қабырғасына дейін барады.