АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Украинада белорус еріктілерінің ротасы пайда болды
МИНСК. 3 наурыз. Украинада белорус еріктілерінің арнайы ротасының Ресейге қарсы соғысып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы «БелСат» хабарлады.
«Украинада белорус еріктілерінің ротасы құрылды. Рота құрамына кіру айтарлықтай қиын. Беларусьтен де, тіпті Украинаның өзінен де. Бірақ оған Польша жерінде жазылуға мүмкіндік бар», – делінген хабарламада.
Портал тілшісіне Украинада тұратын белорус Игорь Щекаревич Беларусьтен келген, ресейліктермен соғысып жатқан сарбаздар жайлы айтып берді.
Айтуынша, бұл топ 2015 жылы Украина еріктілерінің «Правый сектор» корпусы шеңберінде құрылыпты. Бірақ кейін одан бөлек әрекет ете бастаған. Қазіргі таңда бұл рота бүкіл белорус еріктілері атынан Ресей басқыншыларына қарсы соғысып жатыр.