Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Украин әскерлері Сумы облысында жауды шекарадан асырды

КИЕВ. 3 наурыз. Украина Қарулы күштері бүгін Сумы облысында Ресей басқыншыларын шекараның арғы бетіне асырып, қуып тастады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Агенттік мұны Украина ұлттық қауіпсіздік қызметінің хатшысы Алексей Даниловтың Facebook-те жазған мәлімдесіне сүйеніп таратты.

Шекара әскерлері Қарулы күштер бөлімшелерімен бірге Украинаның Сумы облысының шекарасына шықты.

«Ресей басқыншы террорлық мемлекетімен соғыстың сегізінші күнінде Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері 5-ші шекара жасағының алдыңғы тобымен бірге Украинаның Сумы облысының мемлекеттік шекарасына шықты», – делінген хабарламада.

Данилов сондай-ақ күн өткен сайын Беларусьтің Ресей террорлық-мемлекетінің жандайшабы екені анық айқындалып келе жатқанын айтты.

Осы сағаттарда Киев түбіндегі Ирпень қаласы үстінде Ресейдің СУ-30 ұшағы атып түсірілді.

«Барлық бағыттарда дерлік сәтсіздікке ұшыраған оккупанттар әскерлері тағы да ірі қалалардың тұрғын үй махаллаларын түнімен атқылау тактикасына жүгінді. Украина Қарулы күштері белгіленген шептерді табандылықпен қорғай отырып, басқыншылардың түрлі бағыттардағы күштерінің жолдарын жапты», – деді Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button