ЕО Украинаның мүшелікке қабылдау туралы өтінішін тіркеді
БРЮССЕЛЬ. 1 наурыз. Еуропа одағы бүгін Украинаның мүшелік мәртебесін алу жөніндегі тапсырысын қарау процесін ресми түрде бастап кетті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
«Украина президенті Владимир Зеленский қол қойған Украинаның Еуропа одағына өту жөніндегі өтінішін ЕО-ның тұрақты өкіліне тапсырдым», – деп жазды Украинаның Еуропа одағы жанындағы уәкілі Всеволод Ченцов.
Ресей Украина жеріне басқыншылықпен басып кіргеннен кейін ЕО-ның бірнеше елі Украинаға одақтан орын беруге шақырды, ал Словакия Украинаның одаққа кіруінің процедуралық жолын жеңілдетіп, тездету үшін арнайы комиссия құруды ұсынды.
Осының алдында Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Украинаны «өздері қатарларынан» көргісі келетінін мәлімдеген еді. Бірақ ол Украинаның бұған мүмкіндігі қанша, үдеріс қанша уақытқа созылатыны жөнінде ештеңе айтқан жоқ. ЕО-ның жоғарғы уәкілі Жозеп Боррель Украинаның одақта болашағы болатынын ашық айта келіп, «әзірге агрессияны» жеңіп алу керектігін алға тартты.
Ал бүгін ЕО-ның 8 елінің президенттері Украинаға жедел орын беру жөнінде одаққа ашық хат жазды. Олардың арасында Болгария, Чехия, Эстония, Латвия, Литва, Польша, Словакия және Словения елдерінің басшылары бар. Олар елді қазіргі агрессия жағдайынан Украинаны Еуроодаққа мүше болу ғана тез құтқарып кететінін айтты. Ол мүше болып кірсе, ЕО әскерлері көмекке келер еді.