Гаага соты РФ-ның Украинадағы қылмыстарын тексереді
ГААГА. 1 наурыз. Халықаралық қылмыстық сот прокуроры Карим Хан Украина жерінде орын алған болуы ықтимал соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстарды тексеруді бастайды. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
«Бүгін мен Украинадағы ахуалды тексеруді тезірек бастауым керек деп шештім», – деп мәлімдеді прокурор.
Ол Украинаның Халықаралық қылмыстық іс сотының Рим жарғысының қатысушы-мемлекеті емес екенін, сондықтан бұл жағдайға байланысты прокурор офисіің қызметінен жүгетінін атап өтті.
«Ол (Украина – ред.) өз елінің жерінде орын алып жатқан Рим жарғысы бойынша ықтимал қылмыстар жөнінде Соттың заңнамасы негізінде өзінің құзырларын екі рет пайдаланып көрді», – делінген мәлімдемеде.
«Мен прокурор офисының Украинадағы жағдайды алдын ала зерттеуге құрылған тұжырымдарымен танысып шығып, тексеруді бастап кетуге жеткілікті негіз бар деген ұйғарымға келдім. Атап айтқанда, қазірдің өзінде Украинада, офис сарапшысы атап көрсеткендей, соғыс қылмысы да, адамзатқа қарсы қылмыс та орын алғанына нық сенімдімін. Соңғы кездердегі қақтығыстарды ескере келгенде, мен осыған қатысты кез келген әрекетті тексеріп шығуға ниетті болып тұрмын», – деді прокурор.
Хабарланғандай, Ресей мен Беларусьтің Украинада жасаған соғыс қылмыстары жөнінде Халықаралық қылмыстық сотқа Литва мемлекеті шағым берген.
Осымен бір мезгілде Украина БҰҰ-ның Гаагада орналасқан Сотына талып-арыз жолдады.