Ресей әскерлері Украина шекарасына шоғырландырылып жатыр
КИЕВ. 23 ақпан. Ресей әскерлерінің Украина шекарасындағы контингенті көбейіп бара жатқанын спутниктен бақылау көрсетіп жатыр. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Қазір Украина шекарасы мен басып алынған территорияларда РФ-ның 200 мыңға жуық әскері шоғырланып тұр», – делінген хабарламада.
Ал Беларусьтің оңтүстігіндегі Украинамен шектесетін ауданға РФ-ның әскерлері әкелінуі одан әрі жалғасуда.
Reuter агенттігі украин шекарасына жүздеген әскери машиналардың келіп, жаңа госпитальдің тігіліп жатқаны анық көрінетін спутниктен түсірілген қазіргі сәттегі суреттер жариялады. Бұларды бірнеше күннен бері Ресей әскерлерінің қозғалысын мұқият бақылауға алған Maxar Technologies жеке компаниясы түсіріп тұрған.
Жаңа далалық госпиталь Ресейдің батысындағы әскери гарнизон тұрған аумақта пайда болған.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысында басып алынған территорияларға Ресей әскерлерін жіберіп жатыр.