Жаңалықтар жаңғырығыТаным
Қырғыз депутаты балаларының қазақша сөйлеп кеткеніне күйінді
БІШКЕК. 19 ақпан. Қырғыз депутаты телебағдарлама салдарынан балаларының қазақша сөйлеп кеткенін айтып шағынды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
«Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Нұржігіт Қадырбеков Қазақстанның «Балапан» телеарнасын көріп жүрген қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданғаны туралы ақпарат тарады», – делінген хабарламада.
Депутаттың айтуынша, мұндай келеңсіздікке қыздарының қазақ тілінде ақпарат тарататын «Балапан» телеарнасын күнделікті қарайтыны себеп болған. Осының нәтижесінде қырғыз депутатының қыздары көрші мемлекеттің тілін жетік меңгеріп үлгерген.
«Ал біздің «Баластан» телеарнасының жарты шығарылымы орыс тілінде. Балаларымыз мемлекеттік тілді жетік білуі үшін бұл арнаны толық қырғыз тіліне көшіру керек», – деді ол.