Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Ташкентте Мирзиёевтің күйеу баласы айыппұл төледі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёвтің кіші күйеу баласы Отабек Умаровқа «Tesla» автокөлігін айдап келе жатып, жылдамдықты арттырып жібергені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы uznews.uz басылымы хабарлады.

«Жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырып жібергенім үшін айыппұл салынды», – деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асрымау белгіленген жерде тәртіп бұзған жүргізушіге 9 ең төменгі айлық көлемінде (1,82 млн сум немесе $212) айыппұл салынады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БАҚ-тарда Отабек Умаровтың аккаунтына салынған видео жарияланған еді. Онда Отабек Умаровтың Ташкенттің орталық көшелерінің бірімен «Tesla» машинасын сағатына 201 сағаттық жылдамдықпен құйғытып келе жатқаны көрсетілген.

«Сіздердің адамдардың статустары мен қоғамдағы жағдайларына қарамастан, олардың өмірде жасап атқан оқиғаларын сынға алуларыңыз бізді көбірек жұмыс істеп, тәртіпті сақтауға шақырады», – деп атап көрсетті президенттің күйеу баласы өзінің әрекетін талқылап жатқан қауымға арнап.

«Бүгін барлық айыппұл төленді. Заң бәріміз үшін бірдей! Жағдайды пайдаланып, жергілікті және шетелдік БАҚ-тарға алғыс айтқым келеді», – деп мәлімдеді Отабек Умаров.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button