АҚШ-та өлім жазасы қалпына келтіріліп жатыр
АҚШ-та соңғы 20 жылдан бері тек бірнеше штатта ғана қолданылып келген өлім жазасын федералдық деңгейде қайта қалпына келтіріліп жатыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.
«Конгресс екі палатада халық өкілдері қабылдап, президент қол қойған өлім жазасына санкция берді», – делінген АҚШ Әділет министрлігінің сайтында.
Өз кезегінде Әділет министрлігі федеральды билікке балаларды алдымен зорлап, соңынан өлтіргендері үшін өлім жазасына кесілген бесеудің үкімдері орындалар кестені белгілеуді тапсырды. Үкімді орындаудың бірінші күні ретінде 2019 жылдың 9 желтоқсаны белгіленді.
«Бұл қамалғандардың барлығы да өздерінің аппелляциялық және соттан кейінгі шешімдерін пайдаланып бітірді», – дегенді қосты министрліктегілер бұған.
Бес кісі өлімі де инъекция жасау жолымен жүзеге асырылады.
АҚШ-та 2003 жылдан бері федералды деңгейде, яғни бүкіл ел бойынша өлім жазасын белгілеу тоқтатылған еді. Бұған қоса, өлім жазасын қолдану немесе қолданбау еркі бес штаттың өзінде қалдырылған болатын.
АҚШ-та әлі күнге дейін жалпы 29 штатта өлім жазасына рұқсат етіліп келген еді.