Президент офшордағы ақшалардың елге қайтарылатынын айтты
АСТАНА. 23 қаңтар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан екі күн алдын бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде офшордағы ақшалардың елге қайтарылатынына тоқталды. Бұл туралы Sputnik.kz
Президент басқосу барысында Қазақстандағы инвестиция саясатын қатаң сынға алды. Ол Үкіметтің барлық инвестициялық міндеттемелердің орындалу жайын тексеруі керек екенін айтты. Бұл үшін салаға терең анализ жасалып, инвестицияның елге не беріп жатқанын анықтаған абзал.
«Қазіргі шетел инвестициясы жолындағы күрес күшейіп тұрған уақытта бізге ішкі резервке мейлінше көбірек арқа сүйеу қажет. Сөз, әрине, отандық компаниялардың қаржылары туралы болып отыр. Егер сіз болашағыңызды тап осы Қазақстанмен байланыстырғыңыз келсе, өз қаржыларыңызды біздің елімізде қалдыруға тиіссіз. Сіздің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершілігіңіз осыдан құралады», – деп атап өтті Тоқаев.
«Осы жерде табыс табамыз, ана жақта жаратамыз» деген ереже енді іс жүзінде болмайды. Сондықтан жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі: капиталды елге қайтару немесе капиталды елге қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ қаражаттың офшорларға кетулеріне тосқауыл қою», – деді ол.
Тоқаев мұндай тетіктердің әлемнің көптеген елдерінде қолданылып отырғанына тоқталды, енді Қазақстанға да сол жолмен жүруге тура келеді.
«Бұл жерде бұл жұмысқа біздің банктерді қалай тартуға болатынын түсініп алу керек. Қаржы рыноктағы алып-сатарлықтарға емес, нақты экономикаға берілуі тиіс. Біздің банкирлеріміз ақыр соңында өздерінің тікелей және басты функциялары – нақты бизнес-жобаларды несиелендіруді орындай бастаулары үшін жұмысты ретке келтіруді жөндеу керек. Мәселе, әрине, күрделі, мен оны түсінемін, бірақ оны шешуге тура келеді», – деп атап көрсетті Президент.