Байден: Қазақстан жемқорлығы – әлемдік ауқымдағы проблема
ВАШИНГТОН. 21 қаңтар. АҚШ президенті Джозеф Байден трансұлттық жемқорлықты қатаң сынға алып, онымен аяусыз күресу керек екеніне тоқталды. Бұл туралы «Washington post» хабарлады.
Қазіргі күндері Назарбаев әулетіне жемқорлық әрекеттеріне қатысты айып тағу – күллі әлемде бірінші планда тұр. Осы орайда Байденнің әкімгершілігі трансұлттық парақорлықпен күресті «АҚШ ұлттық қауіпсіздігінің негізгі мүдделерінің бірі» екенін атап көрсетті. Бүгінгі таңда Вашингтонның алдында осыған қатысты жаңа мәлімдемелерге көз жұма қарау керек пе, әлде Қазақстанның авторитарлық жаңа лидерінің мұны өз билігін нығайта түсу үшін жасап жатыр ма, деген екі дилемма тұр.
АҚШ президенті Джо Байден 2021 жылы желтоқсан айының аяғында ұйымдастырылған виртуалды конференцияда да жемқорлық пен парақорлық мәселесіне айрықша шүйлікті. Жиынға 100-ге жуық елдің өкілдері қатысты.
Байден жемқорлықты «орасан зор мемлекеттік ресурстарды талап ететін және үкіметтің азаматтарға қызмет етуіне кедергі келтіретін қылмыс» екенін атап өтіп, әлем бойынша «жемқорлыққа былыққан тұлғаларды жауапқа тарту үшін» әріптестерімен бірлесе жұмыс істеуге уәде берді.
Вашингтон әкімгершілігінің айтуынша, Ақ үй үшін енді трансұлттық жемқорлық «негізгі ұлттық қауіпсіздік мүддесі» болмақ.
«Осы конференциядан кейін аз ғана уақыт өткенда АҚШ-тан 10 мың шақырым қашықтықтағы Қазақстанда орын алған оқиғалар Байден әкімгершілігінің президент Байденнің сөзінде жан бар екенін алға тартуына бірден-бір себепкер болды», – деп жазады басылым.
«Жаңа жылдың басында сұйылтылған газ бағасының көтерілуіне байланысты Қазақстанның батысында басталған нарызылықтар ақырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен оның ізашары Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын шеңбері арасында аяусыз күреске ұласып кетті», – делінген бұдан әрі.
«Бірнеше күнге созылған хаостың соңында кем дегенде 225 адамның қаза тапқаны және 10 мың адамның ұсталғаны белгілі болды. Тоқаевтың мерейі үстем шықты», – деп бұл оқиғаны түйіндейді газет.
Басылымның жазуынша, Тоқаев 11 қаңтар күні күтпеген жерден мемлекет Назарбаевтың кенже қызы Әлияға тікелей қатысы бар пайдалану төлемдерін (утилизационный сбор) жинау жөніндегі «РОП операторы» компаниясымен келісімшартты бұзатынын жариялады. 14 қаңтарда Әлияның күйеуі Димаш (Дінмұхаммед) Досанов «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының басшылығынан алынып тасталды. Сол күні экс-президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның азаматтық мәнзілдегі күйеуі Қайрат Шәріпбаев «ҚазақГаз» ұлттық компаниясының басшылығы лауазымымен қоштасты. «Бәлкім, бұл бұрынғы президентке жақын-жуықтардың бүкіл әлемге жайылып кеткен активтерін қайтару науқанының алғашқы қадамдары шығар. Олардың кемінде 700 долларды құрайтын активтері АҚШ пен Еуропаны жайлап жатыр», – деп жазады басылым осыған орай.
Сарапшылардың айтуларынша, егер Тоқаев Байденнен шетел жемқорларын жауапқа тарту жөніндегі уәдесін орындауды талап ететін болса, АҚШ әкімгершілігіне мұны жүзеге асыру оңайға түспейді.
«Егер Тоқаев [Назарбаев] отбасысының холдингтері мен келісімдері туралы ақпарлар беретін тұтас досье ұсынса, АҚШ үкіметі оның билік үшін ішкі күреске алып баратынын біле ме екен?», – деген сауал қояды «Азаттықтың» тілшісімен әңгімеде АҚШ-тағы Колумбия университеті Гарриман институтының директоры, Орталық Азия жөніндегі сарапшы Александр Кули.
«Жемқорлықпен күресті ұлттық қауіпсіздік пен сыртқы саясаттың ең жоғары деңгейіне дейін көтерген кезде бірқатар стратегиялық қиындықтармен, этикалық дилеммалармен бетпе-бет келіп, кейбір ымырагершіліктерге баруға да тура келеді», – деп есептейді Орталық Азиядағы жемқорлық туралы кітап жазған Кули өз сөзінде.
«Назарбаев президент орынтағын отыз жылға жуық уақыт иемденген кезінде Қазақстан экономикасының «командалық биігі» – мұнайды, газды, металлургияны, банк істерін бақылауға алуды түгел өз семьясының мүшелеріне және достарына беріп қойды, – дейді Александр Кули. – Олар бұларға негізінен Батыста тіркелген офшорлық компаниялар арқылы егелік етеді. Мұндай құрылымдарды әдетте клептократтар қамауға алынған жағдайларында, бір кездері биліктен айрылып, өз еліндегі ықпалдарын жоғалтқан кездерінде өздерінің заңсыз жинап алып отырған табыстарын қорғау үшін пайдаланады».
Сарапшының айтуынша, алайда, мұндайлардың Батыста физикалық активтері секілді офшорлық құрылымдарының болуы батыс елдері құқық қорғау органдарының азаматтық немесе қылмыстық істер қозғауларына мүмкіндік береді.
Тәжірибе көрсеткендей, Батысқа шетелдердегі жемқорлықтарға қатысты қылмыстық қуғындау шараларын жүргізу қиынға соғады, себебі, күдіктілер тұрып жатқан елдердің үкіметтері көп жағдайда құқық қорғаушыларға жәрдем көрсетуге оншалықты мүдделі болып шықпайды.
Кули бұған мысал ретінде Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің Лондонда жалпы құны 100 миллион доллар тұратын жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева мен жиені Нұрәли Әлиевтің бұларға қаншалықты заңды жолмен қол жеткізгендерін тексеруге жасаған әрекеттерін келтіруге болады. Осы жағдайда Қазақстан билігінің өкілдері сот процесінде бұлардың бәрінің заңды негізде сатып алынғанын мәлімдеп, Назарбаеваны қолдап кетті, деді Кули. Ол өзінің сөзінде Назарбаев пен оның офшорлардағы достарыне тиесілі активтерді қайтару жөніндегі кез келген күрестің енді Тоқаев үшін «барынша лас» болып келетінін және «өте қымбатқа түсетінін» айтты.
Кулидің айтуынша, Тоқаевқа мұншалықты текетіресті күрестің керек болмауы да мүмкін. Мұның орнына президент бұрынғы лидердің отбасысымен әлдеқандай бір ортақ келісімге келе салады, деді ол. Университеттер мен аналитикалық орталықтарды қосып есептегенде, батыс институттары, – егер қаржы құжаттарында Назарбаевтың отбасысы мен оның достары қайырымдылық шараларына жанама түрде қатысқан болса да, – мұндай күресте жай айырбас мәнетіне айналып шыға салуы да ықтимал, деп атап өтті сарапшы.
Алайда, Тоқаев тіпті АҚШ-пен әріптес болғысы келмеген жағдайда да Қазақстанның азаматтық қоғамы бұл күресті жалғастыра беретін болса, Вашингтонға өзінің уәдесін орындай алатын ахуал туады. Осыны айтқан Кули қазір Қазақстан азаматтық қоғамы коалициясы мүшелерінің Назарбаев пен оның отбасы мүшелеріне және жақын шеңберіне қатысты өте қатқыл санкциялар қабылдауды талап етіп жатқандарын әңгімеледі. Олар осылайша 2021 жылдың желтоқсан айында АҚШ мемлекеттік департаментінде осындай мәселе қойған. Онда құрамында Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин бар «Дөңгелек үстел» деген ұйым белсенділері Назарбаев пен оның әулеті мүшелерінің, сондай-ақ жақын шеңберінің жемқорлық әрекеттерін баяндап беріп, оларға қатаң шаралар қолдануды сұраған.
Кулидің айтуынша, енді мұның күні де тым алыс емес. Джо Байден өзінің принципті президент екенін дәлелдеу үшін де бұл іске белсене кірісетін болады.