25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев Қазақстандағы қаңтар қақтығысының басты себебін айтты

21 Қаңтар 2022 18:14
- Жаңалықтар, Қоғам
Тоқаев Қазақстандағы қаңтар қақтығысының басты себебін айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 21 қаңтар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде қаңтардың басында орын алған халықтың жаппай наразыдығына ненің себеп болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

«Менің 11 қаңтар күні Парламентте баяндағанымдай, байлар мен кедейлер арасындағы тұрмыстық алшақтық қол жеткізбес деңгейге дейін ұласты. Табыстың бұлайша бөлініске түсуі жанып тұрған шырпы мен оқ-дәрі жәшігінің ролін атқарды, мұны лаңкес содырлар мен олардың артында тұрған бүлікшілер пайдаланып кетті», – деді осыған орай Мемлекет басшысы жұма күні Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуі кезінде.

Оның айтуынша, бұл жағдай жылдар бойы жиналып, қалыптасқан.

«Бүгінгі таңда біздің алдымызда өзінің маңыздылығы бойынша бүкіл қоғамдық тәртіпті тереңінен трансформациялауды жүзеге асыруды жүктейтін стратегиялық міндеттер тұр. Бізге Қазақстан азаматтарының жан күйзелісі мен мүдделеріне жауап бере алатын нақты реформалар керек», – деді ол сосын.

Президент өз сөзінде Қазақстанның бар байлығы 162 адамның ғана қолына шоғырланып қалғанын алға тартты. Халықтың тең жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл ғана артық. Мұндай ақшамен күн көруге болмайды. Жағдайды шұғыл өзгерту керек.

Президенттің пікірінше, Қазақстанда олигополия, яғни бизнесті оңтайландыруды бір адамның қолына шоғырландыруға ұдайы ұмтылу үдерісі қатты дамыған. Бірақ бұл елдің экономикасын оңтайландыруға жеткізбейді. «Бір адам немесе компания өнімді өзі өндіреді, өзі қайта өңдейді, өзі сатуға шығарады, өзі банктер арқылы операция жасайды, ал қалғандары соның мырза үстелінен лақтырып тасталған қалдықтарды қағып алғандарына мәз болады… Бизнестің монополияға айналып кетуі – жаман нәрсе. Бұл қоғамды депрессияға, елге сенімсіздік тууына апарады. Жұрт неге бизнестің бәрінің бір адамдардың қолдарында екенін сұрайды. Бізде расында Гегель мен Бабельді ажырата алмайтын, арнайы білімдері жоқ адамдардың қолдарына орасан зор бизнес түрлері шоғырланған. Ал білімді, арнайы курстар бітірген адамдар бизнес пен ресурстардың маңайынан жүре алмайды», – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, «қазір тергеу жүріп жатыр». «Мен оның қорытындысын бүкіл әлемдік қауымдастық секілді сіздер де білетін боласыздар деп ойлаймын», – дегенді қосты Тоқаев сосын.

Таңбалар: бизнесқаңтар қақтығысыҚасым-Жомарт Тоқаев

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың дамуға серпін беретінін мәлімдеді

23.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist