Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Тоқаев: Болған оқиғалар жиналып қалған проблемаларды көрсетті
АСТАНА. 21 қаңтар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаларды жылдар бойы жиналған проблемалардың әсерінен туды деп есептейді. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Болған оқиғалар елде жылдар бойы жиналып қалған проблемалардың бетін ашып берді. Біздің алдымызда өзінің маңыздылығы бойынша бүкіл қоғамдық тәртіпті тереңінен трансформациялауды жүзеге асыруды жүктейтін стратегиялық міндеттер тұр», – деді Тоқаев жұма күні Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуінде.
Оның айтуынша, «азаматтардың ұмтылыстары мен мүдделеріне жауап беретін нақты реформалар қажет».
«Ел өзгерді, азаматтарымыздың билікке, жалпы экономикалық жүйеге деген көзқарасы өзгерді», – деді Тоқаев.