Жаңалықтар жаңғырығы

Егерьлерді атқан күдіктілер ұсталды

Кеше кешке Ақмола облысының полицейлері инспекторларға оқ жаудырған күдіктілерді қолға түсірді. Ол Арқалық қаласының 45 жастағы тұрғыны мен оның 20 жасар ұлы болып шықты.

Соның алдына Қасым-Жомарт Тоқаев инспекторларға шабуыл жасаған браконьерлерге қатаң жаза қолданылатынын Твиттер әлеуметтік желісінде хабарлаған болатын.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.

Оқиға 23 шілде күні облыстың Жарма ауданының аумағында орын алған. Күндізгі сағат 11:00 шамасында «Охотзоопром» республикалық мекемесіне Ақмола тірек пунктінен хабар түседі. Онда мекеменің облыстық бөлімшесіндегі екі инспектордың ақбөкен атып жүрген браконьерлердің соңына түскендері айтылады. Бірақ олар атыса жүріп, қашып кетеді. Браконьерлер мінген «Нива» көлігінің мемлекеттік нөмірі көрінбейді.

Табиғат заңын бұзушылардың атқан оғынан екі инспектор да жарақат алып, ауруханаға түседі. Олардың кеудесінен оқ алған біріншісі аурухана төсегінде қайтыс болады.

«Ауруханаға келгенше көз жұмды. 1976 жылы туған ер адам. Оның кеудесіне тиген оқ тесіп шыққан. Екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оның диагнозы – сол жақ кеуде қуысының алдыңғы бөлігінің, сол жақ иық сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің оқ тиген», – деді әкімдік аппаратының өкілдері.

Браконьерлер қолынан қаза тапқан «Охотзоопром» инспекторы 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған. Оның төрт баласы қалды.

Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда туған. Ол 2016 жылдың 5 қаңтарында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК жұмысқа қабылданған. Оның отбасында жұбайы мен төрт баласы – үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды. Қаныш Ұлытау ауданы Қоскөл ауылында тұрды.

Екінші жараланған инспектор Самат Оспанова Державин қаласының аудандық ауруханасында ота жасалып жатыр, оған санавиация шақырылған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button