Путин егер Ресей ыдырап кетсе не болатынын айтты
МӘСКЕУ. 12 желтоқсан. Ресей президенті Владимир Путин егер кенет Ресей тарап кетсе, оның зардаптары Югославияның жағдайынан да жаман болатынын айтты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
«Ресей президенті Владимир Путин елдің тарап кету қаупі төнген кездегі оқиғалардың қандай болатынын суреттеп берді. Мемлекет басшысының пікірінше, ол кезде орын алатын қанды қырғын Югославиядағыдан әлдеқайта қатқыл болады», – делінген хабарламада.
Мұны Путин «Россия1» телеарнасында көрсетілген «Ресей. Жаңаша тарих» фильмінде баяндады.
Путиннің пікірінше, алып мемлекет тараған жағдайда Ресей ең алдымен халықтың тууын арттыру үшін емес, аман қалу жағдайында күрес жүргізеді. Ол ФСБ директоры болып тұрған кезінде Батыстағы бірқатар күштердің Ресейді шайқап, оны құлау дәрежесіне дейін жеткізуге мүдделі болғандарын байқағанын алға тартты.
Айтқандай, бүгін – Ресейдің тәуелсіздік алған күні. Ол 1991 жылы КСРО-ға жалғыз Қазақстанды қалдырып, өзі шығып кетті.