Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Қытайда «әйел тектес» еркектер телеарнаға шықпайды
БЕЙЖІҢ. 5 қыркүйек. Қытай билігі сыртқы тұрықтары «әйелге ұқсас» еркектерді телеарнадан көрсетуге тыйым салды. Бұл туралы AP News телеарнасы хабарлады.
Енде едегі телеарналарға хабар жүргізу үшін актер таңдауды мұқият жүргізуге тура келеді. Онда жігіттің сыртқы пішіні мен өзін өзі ұстау мәнері түгел тексеріледі.
Қытай билігі бұған қоса, біреуге табыну мен байлықты насихаттауға қарсылық білдірді, адамдардың жеке өмірін талқылау да тыйымға ұшырады.