Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Енді вице-министрлер «Болашақпен» оқи алмайды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіне «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың талаптарына өзгеріс енгізуді тапсырды.

– Президент әкімшілігі бағдарламаға қатысу талаптарына өзгерістер енгізу керек. Саяси қызметшілер өз білімдерін шыңдауға құқылы. Бірақ бос уақытында, мемлекет ақшасының есебінен тыс оқу керек, – Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент БҒМ мен Ұлттық экономика министрлігіндегі жағдайларды атап өтті. Аталған ведомстволарда саяси қызметшілер «Болашақпен» оқу үшін аяқ астынан лауазымдарынан кеткен» болатын.

– 45 жастан кейін «Болашақпен» оқу – қандай оқу? Бұл бір ғана мысал емес, бұдан да төмен мекемелерде осындай жағдайлар кездеседі. Қызметшілер бастықтарына келіп «Болашақ» бағдарламасымен өттім, мені оқуға жіберіңіз» дейді. Министрдің жаңа орынбасары бір жылға – оқуға кеткендер («Болашақпен» оқуға түскендер – автор) келгенге дейінгі уақытқа тағайындалады. Не деген сандырақ, мемлекеттік қызмет емес – бұл! Сабақтастық, қызметкерлердің институционалдық жады қайды? – деді президент.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button